фото: Ақорда
Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстандағы конституциялық өзгерістер екі ел арасындағы одақтастық қатынастар мен жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.
«Жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесі Сіздің мемлекеттік институттарды нығайту және елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуін қамтамасыз ету бағытындағы бастамаларыңыз кеңінен қолдау тапқанын толық растады», деп жазылған жеделхатта.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев ауқымды саяси, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру Жаңа Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал етіп, халықаралық аренадағы абырой-беделін нығайтатынына сенім білдірді.
«Осы маңызды саяси науқанға азаматтардың белсенді қатысуынан, сондай-ақ референдум нәтижесінен Сіз жүргізіп жатқан реформаларды бауырлас елдің халқы жан-жақты қолдайтынын анық көреміз», деп жазылған Өзбекстан басшысының жеделхатында.
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысын референдумның табысты өтуімен құттықтап, екіжақты қатынастардың одан әрі қарқынды дами түсетініне сенімді екенін жеткізген.
Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ: Президент экзит-полл қорытындысымен танысты
«Бұл тарихи уақиға еліңізді одан әрі өркендетіп, халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы маңызды қадам болатыны сөзсіз. Сіздің жетекшілігіңізбен ынтымақ-бірлігі жарасқан Қазақстан келешекке қол созып, халықаралық беделін дәйекті түрде нығайтып келеді», деп жазды Садыр Жапаров.
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев саяси жүйені жаңғыртуды және басқару моделін жетілдіруді көздейтін Конституцияның қабылдануын Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы ретінде сипаттаған. Оның пікірінше, бұл еліміздің серпінді дамуына және халықаралық аренадағы рөлінің күшеюіне оң септігін тигізеді.
Мемлекет басшысы: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді