Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада адамзаттың Абайы атанған кемеңгер ақынның 175 жылдық мерейтойының қорытындысы есебінде хакім мұрасын насихаттау жолында еңбек етіп жүрген азаматтар «Абай» мерейтойлық медалімен марапатталды. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне орай Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау орталығы ұйымдастырған салтанатты жиында еліміздің рухани-мәдени әлеуетін одан әрі нығайту жолындағы үлесі мен еңбегі үшін айрықша құрмет көрсетілді.

Абай өлеңдерінен үзінді оқып, эстафетаны жалғастыруды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған оқушы Ләйлім-Шырақ Ерланқызы бүгінгі салтанатты жиынның беташарын хакім жырымен ашып берді. Бұдан соң ұлы Абайдың рухына тағзым етіп, оның мол мұрасын дәріптеу мақсатында бүкіл Қазақстан халқы белсене атсалысқан игі бастаманың жаңа биіктерге жетелейтін өнегесі жайында сөз қозғаған белгілі абайтанушы, ғалым Тұрсын Жұртбай хакім мұрасының құндылығы турасында кеңінен әңгімелей келе, «Менің ойымша Абай бір күндік, бір жылдық, бір ғасырлық емес. Қазақ қазақ екені рас болса, оның түйсігі ақыл-есі дұрыс ұрпақ болатын болса, Абай қазақпен бірге мәңгілік жасайды. Өйткені Абайды түсіну – қазақты түсіну», деп атап өтті. Ал ақын Несіпбек Айтұлы қоғамдық сананы жаңғыртуға бастаған Абай жылының дамуымызға серпін беретін іс-шара ретінде мәні зор екендігін, кемеңгер ақынның мұралары жарқын болашаққа бастайтын жаңаша жол екендігін айта келе, Абай рухына қызмет еткен бүкіл қазақ жасай берсін деген бәтуалы батасымен баршаға жақсы тілегін арнады.
Абайдың тұлғасы мен мұрасын шетелдерде алғашқылардың бірі болып ұлықтаған Халықаралық Түркі академиясының кейбір жұмыстарын таныстырған академия президенті Дархан Қыдырәлі Абай мұрасы бауырлас түркі тілдеріне аударылғанын, атап айтқанда Абай шығармаларының түрік тіліндегі толық жинағының және Мұхтар Әуезовтің 2 томнан тұратын «Абай жолы» роман-эпопеясының жарыққа шығуы оқырман қауым үшін елеулі жаңалық болғанын атап өтіп, атаулы мерекеге орай құттықтауын жеткізді. «Ұлттық руханиятымыздың ұстыны болған Абаймен басталған жыл қорытындыланып жатыр. Ол түркі әлемінің мойындалған бас ақыны атанды», деген Дархан Қыдырәлі Абай мерейтойына орай «Egemen Qazaqstan» газетінің ұйымдастырған арнайы сараптамасы екі томдық жинақ ретінде баспаға әзірленгенін жеткізді.
Жиын барысында сөз алған Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау орталығының басқарма төрағасы Ермек Бейсембаев Абай мерейтойында атқарылған мәдени, рухани шаралардың жоғары деңгейде өткізілгенін, бұл ретте қаламгер Мұхтар Мағауиннің ұлт руханиятына қосқан өлшеусіз еңбегі үшін аталған «Абай» медалімен марапатталғанын айта келе, жазушының елге деген айрықша сәлемін жеткізді. Халықаралық қордың атқарушы директоры Аслан Ғафуров ұзақ жылдар бойы руханият саласында талмай еңбек етіп келе жатқан алдыңғы аға буын өкілдері Тұрсын Жұртбай, Шәкір Ыбраев, Несіпбек Айтұлы, Серік Негимов, Көпен Әмірбек, Дархан Қыдырәлі, Асан Омаров, Майра Ілиясова, Ерлан Рысқали сынды зиялы қауым өкілдері мен Ләйлім-Шырақ Ерланқызы, Диас Мүслимов, Айдос Есмағамбет сынды кейінгі жастарды «Абай» мерейтойлық медалімен марапаттап, жиналған қауымды атаулы мерекемен құттықтады.
«Академиялық кітапхана ұжымы мен шақыртуды қабыл алған зиялы қауым өкіліне алғыс білдіреміз. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Абайдың 175 жылдығын атап өтуді ресми жариялағалы бері, еліміздің түкпір-түкпірінде көптеген іс-шара ұйымдастырылып, шетелдерде кеңінен насихатталып жатты. Абай мен Жамбыл есімі қазақ ұлтына мақтаныш қана емес, рухани күш-жігер беретініне сеніміміз кәміл. Абай мұрасын насихаттаушы алдыңғы толқын ағаларымыз бен апаларымыздың сара жолы ары қарай ұлт мақтанышы, руханияттың алтын тірегі Абай Құнанбайұлы есімімен бірге келер ұрпаққа мәңгі жалғаса береді», деген Аслан Ғафуров Абайдың өсиет-өнегесі елімізді жаңа биіктерге жетелейтін даңғыл жол екенін атап өтті.
Мәдениет пен өнер рухани өміріміздің мәйегі десек, мемлекет пен қоғамның шығармашылық адамдарына айрықша құрметінің белгісі ретінде күнтізбеден орын алған кәсіби мереке күнінің маңызы ерекше. «Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек, Абайдың шығармаларын мұқият оқуымыз керек. Оның қоғамдағы түрлі үдеріске қатысты көзқарасы бүгінгі Қазақстан үшін аса пайдалы. Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы», деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдық мерейтойы қоғамдық сананы жаңғыртатын, бір ел, тұтас ұлт болып дамуымызға серпін беретін іс-шара ретінде атқарылуы тиіс деген болатын. «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артында сөз қалдырған» деп жырлаған Абай мұрасы бір жылдың ғана еншісіндегі науқан емес, мәңгілік елдік мұраттың айнымас темірқазығына айналуы тиіс деген уағдалас байлам айтқан игі жақсылар ақын тұлғасы мен мұрасының зерттелуі жалғаса бермек деген қанаттас ойды жеткізді.

Жәутіков олимпиадасына әлемнің 25 елінен оқушылар келді
Қазақстан • Бүгін, 19:52
Ұлытауда жүргізушінің көлігінен қару мен киік еті табылды
Оқиға • Бүгін, 19:34
Лицензия алмаған мектептерге айыппұл салынады
Білім • Бүгін, 19:27
Ақтөбе тұрғынынан ақша бопсалаған күдікті қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 19:12
Мюнхенде Қазақстан-Бавария инвестициялық дөңгелек үстелі өтті
Қазақстан • Бүгін, 18:58
БҚО тасжолында жол апатынан екі бала зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 18:55
«AMANAT» партиясының кадрлық ресурсы жеткілікті – Ерлан Қошанов
Қоғам • Бүгін, 18:46
Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айтты
Президент • Бүгін, 18:19
Анталияда тоғыз құмалақ пен асық атудан жарыс басталды
Спорт • Бүгін, 18:07
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:46
Қазақстан мен Эстония екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі
Қазақстан • Бүгін, 17:40
Елорда дамудың жаңа үлгісіне көшуі тиіс – Президент
Президент • Бүгін, 17:40
Әскерилер Үштөбе тұрғындарын өрттен құтқарды
Аймақтар • Бүгін, 17:34
Президент елорданың жаңа Бас жоспарын әзірлеуді тапсырды
Елорда • Бүгін, 17:21
Елорда айналасында азық-түлік белдеуі қалыптасады
Елорда • Бүгін, 17:19
Елорда аймағы еліміздің экономикалық тірегіне айналуы керек - Тоқаев
Елорда • Бүгін, 17:17
Астанада балабақша кезегінде 45 мың бала тұр
Қоғам • Бүгін, 17:10
Астананың әр ауданында кітапханалар ашылады
Елорда • Бүгін, 17:06
Президент: Бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалады
Білім • Бүгін, 17:05
Астанада 600-ден астам білікті дәрігер жетіспейді
Медицина • Бүгін, 17:01
Үш жыл ішінде Астананы абаттандыруға 45 млрд теңге бөлінген
Президент • Бүгін, 17:00
Елордадағы перзентханаларда орын тапшы
Елорда • Бүгін, 16:54
Астанада жастар арасында жұмыссыздық деңгейі өте жоғары
Елорда • Бүгін, 16:53
Президент елордалықтардың тұрмыстық мәдениетіне қатысты пікір білдірді
Қоғам • Бүгін, 16:48
Президент елордада көпжылдық өсімдіктердің үлесін арттыруды тапсырды
Елорда • Бүгін, 16:47
Президент: Көлік тұрағы болмаса, бір де бір үй салынбауы керек
Елорда • Бүгін, 16:43
Мардымсыз құрылыс бастаған лауазым иелері жемқорлық бойынша жауапқа тартылады
Президент • Бүгін, 16:39
ЭКСПО аумағы қаңырап бос жатыр - Президент
Елорда • Бүгін, 16:38
Астанада саябақтар жетіспейді – Мемлекет басшысы
Елорда • Бүгін, 16:36
LRT жобасы негізінен қате болды – Президент
Президент • Бүгін, 16:34
Елордада көлік саласын дамыту жұмысы ақсап тұр – Президент
Елорда • Бүгін, 16:26
Астанадағы 200 үй тұруға жарамсыз
Елорда • Бүгін, 16:22
Үкімет мемлекеттік реттеу шараларын қатаңдатуы керек - Тоқаев
Президент • Бүгін, 16:22
Президент Үкімет пен әкімдікке газдандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды
Елорда • Бүгін, 16:20
Астана су қоймасын сумен қамтамасыз ету шаралары ұлғайтылады
Президент • Бүгін, 16:17
Президент елордадағы ЖЭО-3-ті іске қосуды тапсырды
Президент • Бүгін, 16:10
Президент Астананың әлеуметтік салаға қатысты мәселелерін атады
Президент • Бүгін, 16:04
Орал қаласындағы мектепте өрт шықты
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:58
ШҚО-да интернет алаяқтар тобы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 15:53
Ұқсас жаңалықтар