Пандемия басталғалы отандық киноиндустрияның қарқыны айтарлықтай бәсеңдеп қалғаны рас. Әсіресе, жұмыс істеуін тоқтатқан кинотеатрлар бизнестегі ең көп зардап шеккен сала болды.

Киноөндіріс түгелдей шығынға ұшырады
Мамандар коронавирус құрбанына айналған кинотеатрларға белгілі бір деңгейде қолдау көрсетілуі керектігін айтып дабыл қағып отыр, өйткені кинотеатр – отандық кинематография саласының қан тамыры. Орта есеппен, былтыр елімізде 368 кинозалы бар 102 кинотеатр жұмыс істеп келген-ді. Биыл іске қосылған 89 кинотеатр карантин шектеулерінен қайта жабылды, оның ішінде нарықтағы ең ірі сегмент саналатын Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы 31 кинотеатр жұмысын тоқтатты.
Бұл ретте Chaplin Cinemas коммерциялық директоры Дмитрий Кириенконың айтуынша, алғашқы локдауннан компания 90 пайыз банкротқа ұшыраған.
«Шамамен 10 ай жұмыс істеген жоқпыз, егер тағы бір ай осы күйде қалсақ, салдары қайтымсыз болар еді. Компанияның көптеген міндеттемелері, біршама қызметкерлері бар. Оларды бұдан әрі ұстап қалу мүмкін емес. Біз үшін қорқыныштысы, биліктің қызметті тоқтату туралы шешімі қандай критерийлерге негізделгенін соңына дейін түсіне алмай келеміз. Мен тек кинотеатрлар үшін ғана алаңдамау керектігін бұрын да айттым. Елімізде кинокөрсетілім саласында 10 мың адам жұмыс істейді делік, бірақ кадр сыртында жұмыс істейтін тағы 10 мың адам бар – музыканттар, суретшілер, сценаристер, режиссерлер, түгел бэкстейдж. Олардың барлығына отбасын асырауы керек. Ал кинотеатрлардың жұмысын шектеу туралы айтқанда түгелдей кино саласының тоқырауы жайында сөз қозғалып жатыр деген сөздеп ұғыну керек», дейді Дмитрий Кириенко. Ал Kinopark-Kinoplexx Theatres бас директоры Алмаз Малдыбаев коронавирус кесірінен киноөндіріс саласы түгелдей шығынға ұшырап отырғандығын, оған қоса өркендеп-өсуіне ондаған жылдар жұмсалған мәдениет пен өнер саласына қиын тиіп тұрғанын жеткізді.
«Кино саласындағы басты табыс көзі кинотеатрлар екені белгілі нәрсе. Егер кинотеатрлар жойылса, фильмдерді көрсететін алаң қалмайды. Қазір өзге елдерде киноны стриминг алаңдарында ұсынып жатыр. Бірақ алғашқы айдан-ақ шығындарды ақтамайтынын көрсетті. Сондықтан Universal, WaltDisney компаниялары премьераларын кейінге шегеріп, стриминг арналарға бермеуді шешті. Ірі компаниялар мұндай шешімге қалай келді? Бұл тек Қазақстанда ғана емес, әлемде кинотеатр алаңдарының өте қажет екендігін көрсетіп отыр. Ал стриминг, онлайн-тарату, телевизия салалары екінші деңгейде», дейді Kinopark-Kinoplexx Theatres бас директоры Алмаз Малдыбаев.
Отандық кинотеатрлар желісі құрылуы тиіс
Жоғарыда аталған мәселелерді белгілі кинорежиссерлер де растап отыр. Олар қазақстандық киноконтентке енді ғана бет бұрып келе жатқан көрерменнің қайтадан шетелдік фильмге ден қойғандығын, сондай-ақ біздің кинорежиссерлердің түсірілім жұмыстарын қандай жағдайда өткізуге мәжбүр болып отырғандықтарын да айтып өтті. Бұл ретте белгілі кинорежиссер Рашид Нұғманов мемлекеттік кинопрокат мәселесінің тоқырауы туралы айта келіп, отандық кино саласына әлі де жан-жақты ізденіс қажет екендігін жеткізді. «Қалай болғанымен киноны біз өзіміз үшін шығармаймыз ғой. Бұл – ұжымдық әрі көпшілік өнер. Осыған байланысты, сценарийлердің сапасын арттырып, көрерменнің назарына ұсыну қажет», дейді ол. Осыған жалғас пікірді қозғаған кинорежиссер Абай Қарпықов мәдениетті адамдар ретінде отандық контентті қорғауымыз керектігін айтып отыр. «Түсінесіз бе, кинотеатрлардың аман қалуы – бүкіләлемдік мәселе. Себебі ол қуатты кинотеатрлар мен жалға беру желілері дамыған кино державалары – АҚШ, Үндістан, Қытайдан бастау алады. Режиссер әрі продюсер ретіндегі менің уайымым тек осы ғана. Негізгі қорытынды өте қарапайым – пандемия аяқталғаннан кейін болашақ туралы ойлануымыз тиіс. Халыққа отандық фильмдерді көрсету керек, ол үшін отандық кинотеатрлар желісі құрылуы тиіс», деген режиссер мемлекеттің бұл салаға қолдау көрсете қоюы екіталай деген күмәнін білдірді.
Киноөндірісті құтқарудағы мемлекеттің рөлі
Карантинсіз-ақ өзіміз түсірген қазақ тіліндегі фильмдерді кинотеатрлардан көрсете алмай, көре алмай зар жылап жүретінбіз. Енді ұзаққа созылған карантин шектеулерінен соң отандық фильмдер кинотеатр есігінен сығалай да алмай қалды деуге болатын шығар. Ал мұндай жағдайда фильм түсірушілер үшін қандай да бір жаңа жобалар шығарудың мәні қалмай отыр. Бұл саладағы мамандар кинотеатр саласы мемлекеттен басқа ешкімге үміт арта алмайтындығын, мемлекеттің шектеу туралы шешімдерінің кесірінен сала қаржылық қиын жағдайға ұшырап отырғанын айтып отыр. «Кинотеатрларды жабуға болмайды. Орындарды шектеуге, сеанстар санын азайтуға болатындығын өзге елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Ал толығымен жабу – кино желісінің жойылуы деген сөз. Кинотеатрларда ауа айдау жүйесі жақсы, барлығы іске қосылған, қалыпты жағдайда әр сеанстан кейін залалсыздандыру шаралары жүргізіледі. Мен бұған түбегейлі қарсымын. Отандық киноны көрсеткендері үшін кинотеатрларға ынталандыру шараларын енгізу, салықтарды азайту сынды жеңілдіктер керек. Ресейде ұлттық фильмдерді шығару және пайдалану қызметтері құнға қосылатын салықты төлеуден босатылады. Аз ғана қаражат кинематографистің қалтасына қайтып, жұмысын одан әрі жалғастыруға, жаңа жобаларды шығаруға көмектеседі», дейді режиссер Рашид Нұғманов.
Оқырман назарына сала кетсек, 2021 жылғы алғашқы тоқсанда 112 жаңа фильм көрсетілді. Оның ішінде қазақстандық – 9 (8%), ресейлік – 26 (23%), шетелдік – 77 (68%) фильм көрермен назарына ұсынылды. Қалыптасқан жағдайға байланысты Голливудтың ірі компанияларының релиздері тоқтатылып, жетекші продюсерлік компаниялар да өз өнімдерін кинотеатрларға беруден бас тартты. Прокатта да, табыс бойынша да отандық фильмдердің үлесі екі есеге төмендеді, ал ресейлік және шетелдік кинолардың үлесі табысы бойынша тиісінше 3,4% және 19,1%-ға артқан.
Қазақстандық жас теннисшілер Уимблдон турнирінде өнер көрсетеді
Теннис • Бүгін, 13:53
Қытай Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:43
Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанады
Руханият • Бүгін, 13:31
Пәтер тұрғындарын банк қосымшасы арқылы тіркеуден шығаруға болады
Қоғам • Бүгін, 13:20
БҚО-да жол апатынан екі сәби зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 13:10
Жас теннисшілер ITF турнирінде жүлделі болды
Теннис • Бүгін, 12:53
Ауыл жастары құрған компания 2,4 млн доллар инвестиция тартты
Қоғам • Бүгін, 12:45
«ҚазТрансГаз Аймаққа» 5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Қазақстан • Бүгін, 12:38
Мұнай бағасы 1 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 12:30
Алматыда қаржы пирамидасының басшылары сотталды
Қоғам • Бүгін, 12:22
Үкімет • Бүгін, 12:12
«Канело»: Головкинді нокаутпен жеңемін
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 12:08
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:52
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 11:46
Ерболат Досаев алматылықтарға үндеу жасады
Аймақтар • Бүгін, 11:30
Суға шомылу ережесін бұзғандар жауапқа тартылды
Қоғам • Бүгін, 11:25
Бір аптада 3 мыңға жуық қылмыс жасалды
Қазақстан • Бүгін, 11:18
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9,5 миллионнан асты
Коронавирус • Бүгін, 11:03
Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:50
Соғыста қаза тапқан үш қазақстандық жауынгердің сүйегі елге жеткізілді
Аймақтар • Бүгін, 10:35
Коронавирус жұқтырғандар көбейді
Коронавирус • Бүгін, 10:29
Елге 30 тонна қантты заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды
Әлем • Бүгін, 10:23
Елордадағы Президентік клиникада түркиялық дәрігер шеберлік сағатын өткізеді
Медицина • Бүгін, 10:15
Каспий теңізінде үш адам құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 10:08
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:58
Тоқаев осы аптада қандай іс-шараларға қатысады
Президент • Бүгін, 09:50
Өзбекстанда президент өкілеттігі ұзартылады
Әлем • Бүгін, 09:45
ТЖД алматылықтарға үндеу жасады
Қоғам • Бүгін, 09:37
Алматыда мейрамхана өртеніп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:32
Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:22
Елордада «Қазақстан Барысы» турнирінің финалы өтеді
Күрес • Бүгін, 09:17
Атырау облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды
Аймақтар • Бүгін, 09:04
Қазақстан • Бүгін, 08:34
Спорт • Бүгін, 08:33
Спорт • Бүгін, 08:32
Спорт • Бүгін, 08:30
Түркі әлеміне ортақ оқулықтар әзірленді
Білім • Бүгін, 08:28
Қаржы • Бүгін, 08:26
Құқықтық қатынасты нығайтудың тетіктері
Қазақстан • Бүгін, 08:24
Ахмет Байтұрсынұлы • Бүгін, 08:22
Ұқсас жаңалықтар