Сұхбат • 05 Қаңтар, 2021
Ерлан Дакенов: Жаңалық ізденістен туады
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының халықтық бай музыкалық мұрамыздың жаңа қалыпта, дәстүрде жаңғыру жолындағы еңбегі ересен. Бүгінде үлкен ұжым болып ұйысып отырған көрнекті концерттік ұйым өзіндік концепциясы мен көркемдік ұмтылысын көрсетіп қана қоймай, Қазақстанның мәдени келбетін әлемдік деңгейде насихаттап келеді. Осынау мәдени орталықтың басшысы Ерлан Дакеновпен мереке қарсаңындағы әңгімемізді оқырман назарына ұсынамыз.
Руханият • 29 Желтоқсан, 2020
«Астана Опера» көрермен қауымды ауқымды жобаларымен таңғалдырудан танған емес. Күні кеше көп назарына ұсынған Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны» комедиялық операсының премьерасы да елордалық сахна төрінде зор жетістікпен өтті.
Абай • 20 Желтоқсан, 2020
Абай мұрасы – түркі әлемінің меншігі
Татарстан Республикасы Ғылым академиясында ағартушы, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Түркі халықтары арасындағы ағарту қозғалысы және Абай шығармашылығы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.
Өнер • 10 Желтоқсан, 2020
Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасы музейінде «Туған жерім» XV халықаралық бейнелеу өнері байқауының көрмесі өтті. Аталған жоба жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін арттыруға, балалар шығармашылығын насихаттауға бағытталып отыр.
Оқиға • 09 Желтоқсан, 2020
«Қап-қара адам» «Алтын глобус» жүлдесінен үміткер
Режиссер Әділхан Ержановтың «Қап-қара адам» фильмі «Алтын глобус-2020» сыйлығының «Шетелдің үздік фильмі» номинациясына үміткерлердің тізіміне енді. Бұл америкалық жүлдені Голливудтың шетел баспасөз қауымдастығы (HFPA) жыл сайын кино және телефильмдердегі үздік жұмыстар үшін табыстайды.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2020
Екі жастың махаббаты арқылы, екі рудың ара-қатынасы, сол арқылы халық өмірі мен тағдыры бейнеленген Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» көркем фильмі бүгінде қазақ киносының алтын қорына айналды. «Қыз Жібек» фильмінің сценарийін жазу, фильмнің дайындық жұмыстарын жүргізу, фильмді түсіру, монтаждау кезіндегі толғаныс пен қиындыққа толы сәттерден қызық мәліметтерді ұсынамыз.
Елбасы • 01 Желтоқсан, 2020
Алтай Ибрагимұлы: Елбасының еңбегін дәріптеу – тағылым
– Құрметті Алтай Ибрагимұлы, өткенге көз жүгіртсек... 1991 жылы желтоқсанда ел тарихы қалай өрбіп еді? Бұл күннің маңызы қандай? – Тәуелсіздік шежіресін парақтар болсақ, ел тарихындағы маңызды күндердің бірі – ол әрине 1991 жылдың 1 желтоқсанында өткен жалпыхалықтық Президент сайлауы. Себебі дәл осы күні басқа мемлекеттер секілді Қазақстан да егемен елдің құқықтық–саяси мақсатын жүзеге асырып, барлық қоғам жұдырықтай жұмыла өз еркін білдіріп, ескі тоталитарлық жүйеден құтылды. Себебі дәл осы күні совет заманында сырттан Мәскеу тағайындап беретін көшбасшыны Қазақ халқы тұңғыш рет өзі таңдады. Ендеше 1 желтоқсанның маңызы мен патриоттық құндылығына ешкімнің таласы жоқ шығар.
Қоғам • 27 Қараша, 2020
Сәрсенбінің сәтінен бастап бүкіләлемдік гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік науқаны басталды. Осы орайда Қазақстандағы АҚШ өкілдігі гендерлік зорлық-зомбылықтың салдары жайында әлеуметтік белсенділіктің 16 күндік акциясын ашық деп жариялады.
Руханият • 27 Қараша, 2020
Жасампаздық пен қарқынды дамудың 30 жылы
Тұңғыш Президент күніне орай «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті: жасампаздық пен қарқынды дамудың 30 жылы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен өткен жиында отандық, халықаралық сарапшылар мен қоғам қайраткерлері еліміздің егемен мемлекет ретінде қалыптасуы жолындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрған даму стратегиясы мен маңызын жан-жақты талқылады.
Руханият • 25 Қараша, 2020
Ойға алған мақсат-мұратымыз орындалмай, сәті түспей қалған шақтарда өзімізді ақтап алуға тырысып, өмірге нала артатын кездер болады. Бірақ бұл өз қателігінен сабақ ала отырып, тек алға алға ұмтылып тұратын қайсар жандарға қатысты емес. Жас өнертапқыш Фараби Самаликовтің де талабы таудай, мақсаты өршіл.