Тұңғыш Президент күніне орай «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті: жасампаздық пен қарқынды дамудың 30 жылы» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен өткен жиында отандық, халықаралық сарапшылар мен қоғам қайраткерлері еліміздің егемен мемлекет ретінде қалыптасуы жолындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрған даму стратегиясы мен маңызын жан-жақты талқылады.

Жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Данияр Есин, қоғам қайраткерлері Бүркіт Аяған мен Жапсарбай Қуанышев, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әлімжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Майя Бекбаева, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры, Қазақстан Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Бәшімов және Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Көшкімбаев қатысты.
Жиынның беташар сөзін алған министр Аида Балаева алда келе жатқан 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтай келе, мейрамның елдігіміз бен мемлекеттігіміздің адами символы екендігін әрі тұрақтылық пен бейбітшіліктің бірегей кепіліне айналған айшықты күн екенін атап өтті.
– Өйткені тәуелсіздігіміздің негізін қалап, егемендігімізді бекіткен Нұрсұлтан Әбішұлының тарихи тұлғасы мен саяси қайраткерлігі қашанда зор құрметке ие. Расында да, «қазақ» деген ұлтты әлемге танытып, «Қазақстан» деген елді дүниенің төріне оздырған – Елбасының парасаты мен әлем сарапшылары «Назарбаев жолы» деп атап кеткен салиқалы саясаты. Содан болар, бұл мереке бір тұлғаның емес, тұтас ұлттың, тәуелсіз жұрттың ортақ қуанышы деп нық сеніммен айта аламыз. Келесі жыл – еліміз үшін тарихи жыл. Тәуелсіздігімізге – 30 жыл. Бұл мәртебелі мерейтой мемлекетіміз үшін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа кезеңдегі ауқымды реформалары аясында аталып өтеді. Мұның өзі – жасампаз даму жолындағы ұрпақтар сабақтастығының шынайы өнегесі мен Елбасы саясатының табысты жалғасын дәріптейтін уақыт болмақ, – деді министр Аида Балаева. Сондай-ақ Семей полигонын жабудағы және әлем елдеріне ядролық қарудан бас тартуға үлгі көрсетудегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі жайында баяндай келе, Мемлекеттік тәуелсіздікті жария ету, бейбітшілікті ұстаным ете отырып, елді ұзақ мерзімді жетістіктерге жетелеген көшбасшы қайраткерлігін үлгі етті.
Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын дамытуда үлкен үлес қосқан және республиканың БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздерге қатысқан, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі болып қызмет еткен Төлеутай Сүлейменов Президент Н.Назарбаевтың стратегиялық көрегендігі дамудың қазақстандық озық үлгісін айқындағанын, сондай-ақ Қазақстанның орнықты өсіп-өркендеу жолында айрықша ықпал еткенін жеткізді. Дипломатиялық қызметтегі алғашқы қадамдарын еске алған қайраткер Елбасы байыпты халықаралық бастамаларымен еліміз биік халықаралық беделге ие болып, ғаламдық ядролық қарусыздану қозғалысының көшбасшысына айналғанын тілге тиек етті.
– Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет құру жолында үлкен жауапкершілік арқалай отырып, саяси көрегенділігімен болашақ ел үшін жаңа жетістік құра алды, бұл – оңай шаруа емес. Маңызды тарихи кезеңде еліміздің келешек бағытын айқындай алуының арқасында, Қазақстан халқы болашақтағы жетістікке негіз болатын табысқа қол жеткізді. Мен өзім туып-өскен өлкедегі ядролық жарылыстың алғашқы куәгерімін, ол кезде небәрі 12 жаста болдым. Тұңғыш Перезидент – Елбасының ядролық сынақты тоқтату жөніндегі шешімі ұмытылмас тарихымызға айналды, – деген Т.Сүлейменов ғаламдық қауіпсіздікті аймақтық қауіпсіздік мәселелерімен ұштастыра білген Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты реформатор ретіндегі саяси көрегендігі жайында кеңінен әңгімеледі.
Сондай-ақ дөңгелек үстелге Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Бородавкин, Скандинавия Академиялық ұтқырлық институтының ректоры Элина Ванхемпинг, Өзбекстан ұлттық университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы Нигинахон Шермухамедова сынды Қазақстанда аккредитациядан өткен дипломатиялық корпустың өкілдері мен халықаралық сарапшылар да қатысып, ел тәуелсіздігін қалыптастыру жолындағы мемлекетіміз бағындырған биік белестер жайында ой қосты. Бұл ретте ҚХА кафедрасының меңгерушісі, ЕҰУ ҚХА кафедралары қауымдастығының төрағасы, саясаттану ғылымдарының докторы Наталья Калашникова Нұрсұлтан Назарбаев құрған бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделі жайында сөз қозғай келе, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін шешуде жоғары деңгейде ықпал еткенін айрықша атап өтті.
– Демографиялық және көші-қон процестерінің жоғары динамикасы Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдегі ең көп этностық және поликонфессиялы мемлекеттердің біріне айналуына ықпал етіп, әртүрлі этностық топтар мен конфессиялар арасындағы өзара әрекеттесу процестерін оңтайландыру бойынша Қазақстанның тәжірибесін ашық көрсете отырып, бар проблемаларды дұрыс атады. Бұл жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар тудырған әлемдік саясаттағы өзіндік дағдарыстарға дер кезінде жауап болды. Адамгершілік, сенім, рухани байланыстар, толеранттылық және бір-біріне деген құрмет қатынастары – Нұрсұлтан Назарбаев құрған қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделінің негізі, – деді Наталья Калашникова.
Президент: Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында – артық даңғаза мен ысырапшылдыққа жол берілмейді
Президент • Бүгін, 14:17
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандық вакцинаны салдырамын
Президент • Бүгін, 14:05
Президент тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты
Қоғам • Бүгін, 13:56
Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі байланыс пен интернет сапасын сынға алды
Технология • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы: Жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдарды қайтаруды тапсырамын
Президент • Бүгін, 13:35
Шатырдағы мұз сүңгілері құлап, 11 жастағы бала көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Президент Үкіметке «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 13:23
Жайық өзенінің экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады - Президент
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Жер кодексіне түзетулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Елорда әкімі тұрғындардың газдың бағасына келіспеушілігі болғанын мойындады
Елорда • Бүгін, 13:05
Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі құрылады
Президент • Бүгін, 13:04
Президент азаматтар қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналасатын үш өңірді атады
Қазақстан • Бүгін, 12:58
Боранда жолға шыққандар жапа шекті
Оқиға • Бүгін, 12:57
Жерлесіміз АТР чемпиондық жарысында үшінші орынға көтерілді
Теннис • Бүгін, 12:49
Президент Гүлшара Әбдіхалықовадан облыстағы құрылыс қарқынының баяулау себебін сұрады
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Президент шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды
Экономика • Бүгін, 12:47
Қаржы • Бүгін, 12:46
Үндістанда екпе туралы қауесет таратқандар жазаға тартылады
Әлем • Бүгін, 12:43
Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қ.Тоқаев Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасына тапсырма берді
Президент • Бүгін, 12:38
IIHF хоккейден әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы бүгін анықтайды
Хоккей • Бүгін, 12:37
Алексей Цой: Үш өңірдің эпидемиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатыр
Медицина • Бүгін, 12:37
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Аймақтар • Бүгін, 12:32
СҚО-да қолайсыз ауа райынан төрт автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Президент Үкіметке Қызылорда облысына қолдау көрсетуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:24
«Қазақ радиосы»: Нұр-Сұлтанда көптеген көше атауы ауысып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:22
«СҚ-Фармация»-ны бақылаушы құрамға арнайы қоғамдық жұмыс тобы құрылды
Медицина • Бүгін, 12:20
Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:19
«Жүйесіз сөз иесін табады» - депутат Ахметов өзін сынағандарға жауап берді
Қазақстан • Бүгін, 12:19
Өткен жылы 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алған
Бизнес • Бүгін, 12:15
iKomek109: Есірткіге тәуелді жандарға консультация беріледі
Аймақтар • Бүгін, 12:13
Қорғаныс министрлігінде апталық аппарат кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 12:11
Жер учаскесі онлайн рәсімделеді - Асқар Мамин
Қоғам • Бүгін, 12:04
Елімізде 100 жаңа ІТ-компания құрылады
Қазақстан • Бүгін, 12:02
Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағы үшін таласпайтын болды
Спорт • Бүгін, 12:00
Үкіметтің биылғы басты мақсаты – экономика өсімін 3 пайыз деңгейінде ұстап тұру
Қазақстан • Бүгін, 11:57
Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 73,3 жасқа ұзарады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Президент вакцинация мәселесіне қатысты тапсырма берді
Президент • Бүгін, 11:56
ЖОО сапасын арттыру үшін 20 академиялық орталық құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:54
2021 жылы әлемдік экономика 5,2%-ға дейін қалпына келуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 11:49
Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Антикорда мониторингтік топтың жылдық қорытындысы шығарылды
Қазақстан • Бүгін, 11:46
Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматқа көшіріледі
Білім • Бүгін, 11:44
Алексей Цой дәрі тапшылығына байланысты сұраққа жауап берді
Үкімет • Бүгін, 11:40
Бюджет саласындағы 1 млн-нан астам қызметкердің жалақысы өседі
Үкімет • Бүгін, 11:36
2021 жылы теңге бағамын тұрақтындыру бойынша жұмыстар жалғасады – Ерболат Досаев
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Ұлттық банктің активтері жоғары деңгейде қамтамасыз етілді
Үкімет • Бүгін, 11:32
Халыққа тегін вакцинация жасау қамтамасыз етіледі
Үкімет • Бүгін, 11:28
Үкімет басшысы 2021 жылда дамыту тиіс 7 басты бағытты атады
Президент • Бүгін, 11:18
Қызылордада 10 жасар баланың өліміне қатысты істі арнайы комиссия тексереді
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қазақстан тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында
Қазақстан • Бүгін, 10:55
Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
Президент • Бүгін, 10:54
Қазақстанда алғаш рет Климат сағаты пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 10:47
Спорт • Бүгін, 10:47
Даңқты Уэйн Гретцки 60 жасқа толды
Хоккей • Бүгін, 10:45
Коронавирус уақыты соңғы 100 жылдықтағы ең ауыр дағдарыс - БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:43
Бүгін Валентин Йордановтың туған күні
Күрес • Бүгін, 10:35
Қызылорда облысында «қызметкерімен төбелескен» аудан әкімі туралы нақты ақпарат айтылды
Аймақтар • Бүгін, 10:30
Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Коронавирус • Бүгін, 10:21
Бағдат Мусин қауіпсіздік саласындағы цифрлық жобалармен танысты
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Автокөлікті мобильді қосымша арқылы онлайн тіркеуге болады
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Барлық COVID-19 қарсы вакцинаның құрамы бірдей ме?
Қоғам • Бүгін, 10:15
Алматыда аралас жекпе-жектен екі турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 10:08
Шаңғыдан әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді
Қысқы спорт • Бүгін, 09:57
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 100 миллионға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 09:57
Атырауда шетелдік әйел танысын 50 мың теңгеге бопсалаған
Аймақтар • Бүгін, 09:55
Токио олимпиадасы уақытында өтеді - Томас Бах
Спорт • Бүгін, 09:52
Ұқсас жаңалықтар