Ая ӨМІРТАЙ
Ая ӨМІРТАЙ«Egemen Qazaqstan»
277 материал табылды

Кино • 19 Сәуір, 2021

Корей толқыны

Үлкен-кіші бас алмай көріп, қызу талқыға салған бір ғана «Паразиттер» (Пон Чжун Хо) комедиялық драмасының қызуы әлі басылған жоқ. Оңтүстіккореялық киногерлер жанрлық фильмдерді жақсы меңгере отырып, бүгінде диснейлік блокбастерлерді өкшелей қуып келеді.

Қазақстан • 18 Сәуір, 2021

Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы

Соңғы онжылдықта саяси және әлеуметтік-экономикалық прогресс жолында бауырлас түркітілдес мемлекеттердің ынтымағы жарасып, қарым-қатынасы жоғары деңгейде дамып келеді. Осы орайда Елбасы кітапханасында өткен «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясында отандық, шетелдік қайраткерлер мен ғалымдар биылғы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі бейресми саммитін және бір қорытындылап, түркі бірлігі интеграциясының маңызын пысықтады.

Руханият • 15 Сәуір, 2021

Айвардың арманы

Айвар Азаматов – Ресей қазағы. YouTube желісінде AIVAR атты блогымен танылған ол жаһан жайлап, қиыр асқан қазақтың өмірі, тілі мен діні, салт-дәстүрі, танымы турасындағы тақырыптарды қаузайды.

Руханият • 14 Сәуір, 2021

Ғарышкерлер күніне арналған көрме

Ғарышкерлер күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде «Адамға табын, жер, енді!» атты халықаралық көрме ашылды. Жиын Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуының 60 жылдығы және Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа сапарына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Өнер • 13 Сәуір, 2021

URKER ұсынған үздіктер

Қазақ бейнелеу өнерінің көш басында тұрған алыптар шоғыры мен бүгінгі заман шеберлерінің шығармашылығымен таныс­тыруды мақсат еткен ÚRKER арт-галереясы аз ғана уақытта қай­нап жатқан шығармашылық ортаға айналып үлгерді. Қазақтың даңқты суретшілерінің ауқымды тақы­рыптарға құрылған картиналары мен графикалық туындылары көрме төрінен жарқырай орын алған.

Руханият • 12 Сәуір, 2021

Сананы өзгертудің тиімді тетігі

Қоғам санасы мен дүниетанымына маңызды бетбұрыс әкелген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жаһандық жаңашылдыққа әкелетін жол екенін әйгіледі. Заманға сай жаңғыру міндетін алға қойған Тұңғыш Президент – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы төрт жыл ішінде ішкі ұмтылыс пен дамуымыздың басты қағидасына айналды. Соның бірі ауқымды және жоспарлы түрде қолға алынған маңызы зор тарихи оқиға – латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшуіміз.

Кино • 06 Сәуір, 2021

Кинотеатрлар коронавирус құрбанына айналды

Былтыр елімізде 368 кинозалы бар 102 кинотеатр қызмет көрсеткен еді. Биыл іске қосылған 89 кинотеатрдың жұмысы енді жандана бастады ма дегенімізде, карантин шектеулері қайта килікті. Кинокөрсетілім нарығының ең ірі сегменті саналатын Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы 31 кинотеатр жұмысын тоқтатты. Осы ретте Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқармасы төрағасының кеңесшісі Бауыржан Шүкенов Қазақстандағы кинотеатрлардың қазіргі жағдайынан хабардар ететін бірқатар деректі атап көрсетті. Оның айтуынша, кинотеатрлар – коронавирустың құрбанына айналды, бірақ оны құтқаруға ешкім құлықты емес.

Әдебиет • 06 Сәуір, 2021

Қаламгердің оқырман залы ашылды

Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұханбетқалиұлына арналған оқырман залы ашылды. Салтанатты кеште қаламгердің замандас­тары оның шығармашылығы мен өмір жолы жайында кеңінен әңгімелеп, қалың көпшілікке оқырман залын таныстырды.

Өнер • 26 Наурыз, 2021

Айлакер Алдар

Астанадағы Қуыршақ театры заманауи оқиғаларды арқау еткен ақылды айлакер Алдар көсе жайындағы жаңа қойылымды балаларға тарту етті. Халық ертегісінің желісі бойынша сахналанған режиссер Айжан Салаеваның «Алдар көсе жайлы не білеміз?» атты қойылымы кішкентай көрерменнің көңілінен шыққан сыңайлы.

Өнер • 25 Наурыз, 2021

Ұлттық анимация өнерінің бүгінгі жаңалықтары қандай?

Бүгінде анимация – балалардың ғана қызығы емес, ересектердің де ермегіне айналған жеке өнер түрі. Белгілі кинорежиссер Ф.Хитрук: «Мультипликация – бұл ғажайып. Біз бұл жайлы ұмытпауымыз керек», дейтін еді. Ұлттық анимация өнері жайында сын аз айтылып жүрген жоқ. Десе де анимация өнерінің бүгінгі ахуалы мен осы саланың дамуына үлес қосып жүрген белгілі режиссер-аниматорлар қолтаңбасындағы кейінгі жаңалықтарды сұрастырып көрдік.