• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қазан, 2017

Қостанай облысы Алтынсарин ауданының жаңа әкімі тағайындалды

623 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Алтынсарин ауданының жаңа әкімі Ерлан Жамановты таныстырды. 

Ол осыған дейін  Денисов ауданын 3 жыл басқарған болатын. Ал Алтынсарин ауданының бұрынғы әкімі Батырбек Ахметов  қазір  Жер қатынастары басқармасы тізгінін алды.

Ерлан Жаманов 49 жаста, жоғары медициналық және заң білімі бар. Арқалық қаласында мемлекеттік саниэпидемиялық бақылау басқармасын басқарды, қала әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Сосын Денисов ауданына әкім болып тағайындалды.

Алдағы жақын уақытта облыстың тағы да бірнеше ауданында әкімдер ауыстырылады.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ