• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2010

АЗИАДАҒА АЗ УАҚЫТ ҚАЛДЫ...

1145 рет
көрсетілді

2011 жылғы ҮІІ-ші қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындық барысы қалай? “Нұр Отан” ХДП-ның Алматы қалалық филиалы мен Алматы қаласы бойынша “2011 жылғы ҮІІ-ші қысқы Азия ойындарының дирекциясы” ұйымдастыруымен осы маңызды спорттық шараға әзірлік барысы туралы тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында қоғамдық тыңдау өтті. Жиында бұл туралы Азия құрлы­ғының жетінші қысқы ойын­дарының Алматы қаласы бойынша “2011 жылғы қысқы Азия ойын­дары дирекциясының” директоры Сұлтанмахмұт Шоқпытов баяндама жасап, толық ақпар берді. Оның айтуынша, Азиаданы 2011 жылдың 30 қаңтарынан 6 ақпан аралығында өткізу жоспарланған. Оған 30-дан астам елдің спортшылары қатыс­пақ. Қазіргі кезде аталмыш жарыс­тың бағдарламасы қабылданып, оған шаңғы мен коньки жарысы, шайбалы хоккей, тағы басқа да 11 спорттық ойын түрлері кірмек. Бір айта кетерлігі, аталмыш дирек­ция ақ Азиаданың алауы тұтанғанша бұл доданы насихаттау мақсатында түрлі жарыстар мен акциялар ұйымдастыруды бастап та жіберіпті. Мәселен, “Азиадаға – бір жыл қалды!” девизімен өткен сенбі күні жалпықалалық спорт шаралары өткізілді. Бұл күні ал­матылықтар үшін тау шатқа­лын­дағы “Медеу” және қаладағы бес мұз айдыны осы акция ұйғары­мы­мен тегін жұмыс істеді. Айдын­дар­дың ерекшелігі, олардың барлығы Азиада-2011 стиліне сай безен­діріл­ген. Ал Республика сарайында WAFC версиясы бойынша панкра­тион­­нан халықаралық турнир табысты өтті. Сондай-ақ, қаладағы  Спорт, туризм және Жастар сая­саты ісі жөніндегі басқар­ма­лардың бірлесуімен де бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылып, Алматыдағы  жоғары оқу орындарында студент­тердің университетаралық қысқы спартакиадасы, волейбол мен ұлттық ойындардан түрлі жарыс­тардық қорытындысы шыға­рылды. Ал жексенбі күні өткен “Дене шынықтыру мен спортты дамыту­дың 2007-2011 жылдарға арналған қалалық бағдарламасы” аясында Қырғауыл ауылының тау бөктерін­де 21-ші дәстүрлі спорттық “Қыс-2010” фестивалі алматылық­тар көңілінен шықты. Жақын арада Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының алдында ақ Азиадаға арналған билборд орнатылып, оған қосымша ақ Олимпиадаға қанша күн қалғандығын көрсетіп отыра­тын электронды табло қойылмақ. – Елбасының “Жаңа онжыл­дық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүм­кін­діктері” атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткеніндей, біз өзімізді спорттық держава екенімізді көрсетуіміз керек. Бұл – Азиада-2011 қысқы ойындарының стратегиялық міндеті, – деді баян­дамасының соңында С.Шоқпытов. – Спорт бүгінде біздің өмірімізде ең маңызды орын алса, ал сала­матты өмір салты жетістік­теріміздің алғышарты. Егер адам осы екеуін  қатар ұстанса, онда ол қоғамдағы беделді әрі күшті интеллектуал болып есептеледі. Президенттің Жолдауда: “Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шара­ларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс. 30 пайызға дейінгі қазақстан­дықтар бұқаралық спортқа тар­тылуы керек”, деп ұлттың саулығы жайында атап көр­сетуі өте өзекті мәселе. Ал менің көзқарасымда бұл, ең алдымен, жастарға қатысты. Өйткені, қыз-жігіттер біздің еліміздің болашағы. Қоғамдық тыңдау барысында “Нұр Отан” ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Амангелді Каримуллин бүгінгі таңда қысқы Азия ойын­дары өтетін қалалардың ұйым­дас­тырушылары түрлі спорт кешен­дерін дайындау жұмыстарын толық­тай жүргізіп отырғанын атап өте келе, “Нұр Отан” ХДП-ның Ал­мат­ы қалалық филиалы мен Ал­маты қаласы бойынша “2011 жыл­ғы қысқы Азия ойындары дирек­циясы” арасында келесі жылы өтетін Азия ойындарын қолдау мен өткізу туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, басқосуда Алматы қаласының “Азиада-2011” шарасы жайлы қала тұрғындарын ақпараттандыруда белсенділік таны­тып жүрген журналистерді алғыс хаттармен марапаттады. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.