• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Қазан, 2017

Алматыда «ЖасSTAR» VIII халықаралық фестивалі өтті

424 рет
көрсетілді

Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы қорының ұйымдастыруымен шығармашыл жастардың «ЖасSTAR» VIII халықаралық фестивалі өтті. 

Шара аясында өтетін шеберлік сабақ­тары мен шығармашылық кездесулердің арқасында Қазақстан, Канада, Венгрия, Ресей және Фран­цияның белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері еліміздің шығармашыл жастарына шабыт сыйлап өз тәжірибелерімен бөлісті.

Белсенді жастар асыға күтетін дәстүрлі фес­тивал­ь­дің биылғы маусымы Мем­лекет басшысының «Ру­хани жаң­ғыру» бағдарламалық мақаласының аясында ұй­ым­дастырылып отыр. «ЖасSTAR» фести­валі – шы­ғар­машылық маман­дық­тарды таңдаған студенттер мен белсенді жастар үшін таптырмайтын еліміздегі ірі мәдени оқиға. Сегіз жылдан бері Н.Назарбаев қорының жобасы мәдениет және өнер қайраткерлері мен талантты жастарды бір арнадан тоғыс­тырып, өзара іс-әрекет етуге және тәжірибе алмасуға жол ашатын бірегей алаңға ай­налып келеді. Жобаның басты мақсаты – жастар ара­сында мәдениеттің дамуы­на ықпал ету, сондай-ақ жас дарындардың шығар­ма­­шылық тұрғыдан өсіп-өр­кендеуіне қолдау таныту.

Фестиваль жас сурет­шілердің «Болашаққа көз­қарас» атты көрмесінің ашылуымен басталды. Көрмеге еліміздің барлық өңірлерінен келген авторлардың ең­бектері ұсынылған. Сурет өнеріне қызығатын жас­тар станоктік көркем сурет, портрет және пейзаж жанр­ларының қыр-сы­ры­на қанығып, Ресей, Украина, Қырғызстан мен Өз­бекстанның қылқалам шебер­лерімен кездесіп, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Қазақстан анимациясының 50 жылдығына арналған отандық мультфильмдер көр­­сетіліп, «Заманауи жас­тар ки­носының бағдары, көр­­кемдік деңгейі және жа­ңа үр­дістегі проблемалары» тақы­рыбында дөңгелек үстел өтті.

Бірнеше күнге созылған фестиваль бағдарламасының жоспарына кино, хореография өнері, театр, мульти-фликация, көркем сурет туралы қызықты шеберлік са­бақтары мен арнайы дәріс­тер енгізілген. Шара шең­берінде Канададан келген арт-менеджмент бойынша жаттықтырушы Лидия Вар­банова өнердегі цифрлық технологиялар туралы тренинг өткізсе, Венгр опера театрының жұлдызы Әли Танықпаева, танымал актер Берік Айтжанов пен С.Герасимов атындағы БМКИ шеберханасының бас­­шысы, белгілі кинорежис­сер Александр Котт өз­дерінің шығармашылық шебер­ліктері мен маман­дықтарының құпия сырларымен бөлісті. Фестиваль әйгілі Жак Оффенбахтың «Па­риж өмірі» операттасымен аяқталып, оны атақ­ты француз дирижері Фи­липп Юимен жүргізген жұмыс­тарының нәтижесі ретінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлт­тық консерваториясының студенттері орындады.

Арман ОКТЯБРЬ, «Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ