• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қараша, 2017

Арбаттағы асықтар жұртшылықтың көңілін аударды

744 рет
көрсетілді

Мың жасаған шаһардың «Арбат» аталатын көше­сінің бастауы жөндеуден өткелі бұрынғыдан да құлпырып сала берді. Бұрын Жібек жолы көше­сінің бұл иірімі суретшілердің буырқанған бояу­ларының әдемі өрнектерімен өткіншілерді өзіне шақыратын. Енді алаңқайдағы шашылып түскен асықтар жұртшылықтың көңілін аударады.

Үлкен көшенің ортасында шашылып түскен асықтар қазақ халқының ұлттық ойынының бір түрі бо­лып саналады. Ол күн­діз де, түнде де ойналады. Мәселен, күндізгісі мер­ген­дікке, түндегісі епті­лік­ке баулиды. Иір­генде түскен қалпына қа­­рай асық алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады. Ал атуға арнап жасалғандары сақа, оңқай деп бө­лінеді. Мына асықтарға қарап тұрып, балалық ке­зең­дегі ойындар еске тү­седі. Оның мына түр­ле­рі ойға оралады сонда, құ­мар, тәйке, омпы, ал­шы, хан ату, қақпақыл та­ғы басқалары болып кете беретін...

Ойын­ға 2-4 бала қатысатын. Әрқайсысы жақ­сы жо­нылған, табаны қай­ралған төрт асығы болуы шарт. Ойыншылар өз­ара келісіп, жеңімпазға жүл­де тағайындап алады да, кезекпен төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйкі тү­сір­­се жүл­денің жартысын ала­ды, төрт асық төрт түр­лі түссе онда тігілген жүл­дені түгелдей алады. Осы­лайша ойын жалғаса береді.

Қызық, мынау шашылып түскен аппақ асық­тар­ды көрген ба­лалар та­ңыр­қай қарай­ды. Оларға таңсық қой. Мына күзгі ка­­ни­­кул күндері әдемі та­ғы­лымды елестетеді. Кө­рі­ңіз, ескерткіш деген көп қой, оның түрі де, маз­­мұны да сан түрлі бо­лып келеді...

 

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Суретті түсірген автор