Ko’kiregimnin’ u’miti men tilegi Ku’i’ bop tu’lep, ku’n bop s’yg’yp ku’ledi. Ku’n astynda ko’k to’beler tu’ledi – Menin’ elim, menin’ elim – gu’l eli! Ai’tpag’ym bir ag’yl-tegil syr edi – S’ejiren’e ol o’len’ bolyp kiredi. Mendegi o’ner sen dep o’mir su’redi, Menin’ elim, menin’ elim – jyr eli! Qanat qomdap tan’ atqanda s’yg’ystan, Torg’ai’ym bar qyranyn’men bir us’qan. ju’regim bar ju’regin’men ug’ysqan, Menin’ elim, menin’ elim – gu’lstan!
Jumeken Na’jimedenov
Менің елім
Көкірегімнің үміті мен тілегі Күй боп түлеп, күн боп шығып күледі. Күн астында көк төбелер түледі – Менің елім, менің елім – гүл елі! Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді – Шежіреңе ол өлең болып кіреді. Мендегі өнер сен деп өмір сүреді Менің елім, менің елім – жыр елі! Қанат қомдап таң атқанда шығыстан Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан. Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан, Менің елім, менің елім – гүлстан!
Жұмекен Нәжімеденов