• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
03 Қараша, 2017

Премьер-Министр Сағынтаев Қырғызстанды ЕАЭО аясындағы міндеттерін орындауға шақырды

215 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанды Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы міндеттерін орындауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ТМД елдері басшылары Кеңесінің Ташкентте өтіп жатқан кеңейтілген отырысында Қырғыздың үкімет басшысы Сапар Ысқақов күтпеген жерден Қазақстанның 2011 жылдың 18 қазанында қабылданған ТМД еркін сауда аймағы келісімін орындамай отырғанын мәлімдеді.

Өз кезегінде Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның ұстанымы ЕАЭО қатысушы мемлекеттерінің экономикалық қауіптері мен шығындарын азайтуға бағытталғанын атап өтті.

«Қазақстан үкіметі қырғыз тарапының мәлімдемесін орынсыз деп санайды. Біздің елдің осы сұрақ бойынша ұстанымы бәріне мәлім. Ол Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ экономикалық кеңістігін құру идеологиясына сәйкес келеді және одаққа мүше елдердің экономикалық қауіптері мен шығындарын азайтуға бағытталған,» - деді Сағынтаев.

Ол сондай-ақ, қырғыз тарапынан конструктивті ұстаным күтетінін айтты.