• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Үкімет 03 Қараша, 2017

Қазақстан мен Өзбекстан үкімет басшылары кездесуінде тауар айналымына ерекше көңіл бөлінді

183 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ташкентте Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен Қазақстан мен Өзбекстан президенттері арасындағы келісімдерді іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту, өңіраралық өзара іс-қимылды, әсіресе шекара маңы аумақтарында күшейту мәселелерін талқылады.

«Тауар айналымы көлемін ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, машина жасау және автомобиль құрастыру, азаматтық авиация, фармацевтика салаларында инвестициялық өзара байланысты кеңейту, көлік-транзиттік инфрақұрылымды дамыту шаралары, сонымен қатар әскери-техникалық және аэроғарыш салаларындағы бірлескен жұмыстардың келешегі қаралды», делінген Премьер-Министрдің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.