• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қараша, 2017

4 қарашаға арналған ауа райы болжамы

393 рет
көрсетілді

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым аумағында жауын жауады. Елдің тек оңтүстік және оңтүстік-батысында сенбі жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ  күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

 

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерін тұман басып, көктайғақ болады. Күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, желдің күші 15-20 м/с артады.

Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумағында түнде көктайғақ күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.

Түнде Алматы облысында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Алматы облысының кей жерлерін тұман басады.