Астанада Қазақстанның Қорғаныс министрлігі және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері арасында алғашқы екіжақты штабтық келіссөз өтті. Оған қатысу үшін бригадалық генерал Хамұд Әли Джума Әлшехийдің жетекшілік етуімен Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің әскери делегациясы келді.
G M T Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский Звуковая функция ограничена 200 символами Настройки : История : Обратная связь : Donate ЗакрытьКеліссөз шеңберінде Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың бригадалық генерал Хамұд Әли Джума Әлшехиймен кездесуі болды. Онда екі елдің қорғаныс саласындағы ведомстволары арасында берік стратегиялық серіктестіктің қалыптасуында аталған шараның маңыздылығы атап өтілді. Жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қорғаныс министрлігі мен БАӘ Қарулы күштері арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды. Бұл жоспар екіжақты қарым-қатынастың дамуының әрі қарайғы бағытын айқындайды.
Сол сияқты бұл күндері Беларусь Республикасының Минск, Брест қалаларында ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Әскери комитеттің отырысы өтуде. Оған Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан ҚК Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев, ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы, генерал-полковник Анатолий Сидоров, Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Қарулы күштері бас штабтарының басшылары қатысуда.
Олар ҰҚШҰ-ның әскери құрылымын дамыту, ұжымдық қауіпсіздік өңірлерінде әскери-саяси жағдайды дамыту мәселелерін талқылап, 2017 жылдың жедел және жауынгерлік даярлығының бірлескен іс-шараларының қорытындысын шығарады. Тараптар Ұжымдық жедел ден қою күштерін өрістету жоспарын қарастырып, мүше мемлекеттер мүддесінде ақпараттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шешімдерін және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді іске асыру туралы мәселелерді қарайды деп күтілуде.
Александр ТАСБОЛАТ,
«Егемен Қазақстан»