• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қараша, 2017

Сағынтаевқа өсімдіктердің жаңа сортын қорғау туралы депутаттық сауал жолданды

307 рет
көрсетілді

Бізге бидай, арпа, зығыр, рапс және басқа да ауылшаруашылық өнімдерін өсіру, өңдеу жұмыс­тарын жүзеге асыратын отан­дық кәсіпкерлер хат жазып, өздерінің айрықша проблемаларын айтты.

Олар өздерінің өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында қазақстандық кәсіпкерлер мен жоғарыда көрсетілген дақыл­дарды өсіретіндер тұқымдарын жинау бойынша әртүрлі, оның ішінде шетелдік тұқым шаруа­шы­лықтарына және ғылыми-зерттеу институттарына жүгіне отырып тұрақты жұмыстар жүргізуде екен.

Алайда бүгінгі таңда Қазақ­стан Республикасының «Өсім­дік­тердің жаңа сорттарын қор­ғау жөніндегі халықара­лық кон­­вен­цияға» (Париж, 1961 ж.) қосыл­­мағандығын және «Өсім­діктердің жаңа сорттарын қор­ғау жөніндегі халықаралық одақ­тың» мүшесі (әрі қарай – Ұйым) болмағандығын негізге ала отырып, шетелдік тұқым шаруа­шы­лықтары мен ғылыми-зерттеу институттарының бұларға тұқым жеткізуден бас тартуына байланысты, осынау отандық компанияларда күрделі мәселе туындап отыр.

Аталған Ұйым – өсімдік тұқым­дарын асылдандыру­шы­ларға зияткерлік құқығын бере отырып, өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарумен айналысатындардың жетістіктерімен тек өздерінің мү­шелерін ғана қамтамасыз ету мақ­сатында құрылған.

Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау құқығының жоқтығына байланысты шетелдік сұрыптаушылар өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылмаған мемлекет резиденттерімен серіктестік қа­тынастар құруға ниеттері бол­май отыр. Сондықтан осы жағ­дай Қазақстанға әлемдегі сұрып­тау жетістіктері мен техно­ло­гия­лар­ы­ның келуіне кедергі бо­лып, отан­дық аграрлық сек­торының дамуына кері әсерін тигізуде.

Осыған байланысты біз Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдап, «Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөнін­дегі халықаралық одақ» пен «Өсім­­діктердің жаңа сорттарын қор­ғау жөніндегі халық­аралық кон­венцияға» қосылу жұмыс­тарын шешуді мүмкін­дігінше тезірек жүргізуді сұрадық. Асыл тұқым­ды өскіндер отандық кәсіп­кер­лерімізге тезірек жетсе, олардың еңбек өнімділігі де ар­тып, өнім­дерінің сапасы да, сал­мағы да арта түскен болар еді.

 

Серік ЖАҚСЫБЕКОВ,

Сенат депутаты