• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Қараша, 2017

Келесі жылы Қазақстаннан бірнеше халықаралық рейс ашылады

230 рет
көрсетілді

2018 жылы Астана - Вильнюс, Алматы - Рига, Астана - Бухарест жаңа әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.

«ТрансЕуразия-2017» Х халықаралық конференция аясында Азаматтық авиация комитеті жаңа әуе тасымалдарын ашуға байланысты бірнеше кездесу өткізді. Атап айтқанда, SCAT отандық әуе компаниясы 2018 жылдың мамыр айында Астана – Вильнюс бағытында халықаралық рейсін ашуды жоспарлап отыр», - деп жазды комитеттің Facebook-тегі ресми парақшасы.

Сондай-ақ, Рига - Алматы, Астана - Бухарест бағытына да рейс ашылуы мүмкін.

«Air Baltic (Латвия) әуе компаниясы Рига – Алматы бағытына рейс ашуды жоспарлап отыр. Румыния елшілігінің ақпаратына сәйкес, «Таром» әуе тасымалдаушысы Астана-Бухарест рейсін ашуы мүмкін», - деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

Соңғы жаңалықтар