Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті «Жылдың Ұлттық спорттық жүлдесі» байқауының өткізілуін жариялайды. Байқау осы қараша айы бойы жалғасады. Әрбір қазақстандық ең мықтыларды өздері таңдайтын болады.
Байқау Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейінгі жылдың спорттық сыйлығының жеңімпаздарын құрамында ҰОК пен Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері бар арнайы комиссия таңдап келсе, биыл енді оларды жанкүерлердің өздері анықтамақ.
«Жыл ішіндегі спорттық күнтізбе түрлі жарыстарға толы болады. Әр спорт түрі бойынша халықаралық бәсекелер өтіп жатады. Сол бәсекелерде біздің спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, жақсы нәтижелер көрсетуде. Биыл «Ұлттық» деген мәртебе алып отырған «Спорттық жүлде» биылғы жылды қорытындыламақ. Біз барлық жанкүйерлерді үздіктерді анықтау шарасына белсенді қатысуға шақырамыз», - дейді ҚР ҰОК Бас хатшысы Данияр Абулгазин.
2017 жылы «Жылдың Ұлттық спорттық жүлдесі» жаңа телевизиялық форматта өтеді. Жанкүйерлер өздері номинацияларға қатысып жатқандар дауыстарын бере алады. Дауыс беру ҚР ҰОК www.olympic.kz ресми сайтында қарашаның 28-не дейін жалғасады.
Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады:
«Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы» «Үздік жас спортшы» «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы» «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы» «Олимпиадалық спорт түрлері бойынша үздік федерация» «Үздік спорттық өңір» (республикалық маңызы бар қалалар, облыстардың дене шынықтыру және спорт басқармалары) «Жыл жаңалығы» «Жылдың үздік командасы»Жылдың спорттық жүлдесінің қорытындысы салтанатты түрде осы жылдың 30 қарашасында шығарылмақ. Жобаға «Hilton Astana» отелі, Toyota Motor Kazakhstan қолдау білдірді.