Мәжілісте Палата вице-спикері Владимир Божконың қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов баяндама жасаған жиынға Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов жетекшілік еті. Айта кетейік, аталған заң жобасының таныстырылымы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97-қадамын іске асыру үшін әзірленген. Онда өзін-өзі реттеуді дамыту мен мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелес ортаға беру арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталғаны белгілі. Ал өзгерістер мен толықтырулар 7 заңнамалық актіге, соның ішінде Қазақстан Республикасының 3 кодексіне және 4 заңға енгізіледі деп жоспарланған.
Нақтлай түссек, заң жобасында: экологиялық аудит саласында өзін-өзі реттеуді енгізумен байланысты Экологиялық кодеке; «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, соның ішінде экологиялық аудит туралы заңнаманы бұзу жөніндегі бапқа өзгерістер енгізу; «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша негізгі тәсілдерді бекіту; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы бәсекелес ортаға берілген мемлекеттік органдар функцияларының іске асырылуы бойынша нормаларды, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге мүмкіндік беретін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлық ақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бөлігінде кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін білдіру және құқықтарын қорғау бойынша қосымша функцияларды бекіте отырып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылады.
Заң жобасын талқылауға мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Заң жобасы бойынша түзетулерді одан әрі қарастыру жұмысы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Айзада Құрманова жетекшілік ететін жұмысшы топта өз жалғасын табады.