• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қараша, 2017

«Қаз­ТрансОйл»-ға 20 жыл: Болат құбыр бойымен 815 млн тонна мұнай тасымалданды

575 рет
көрсетілді

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорны – «Қаз­ТрансОйл» акционерлік қоғамы биыл 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы уақыт аралығында кәсіпорын мемлекет қазынасына қомақты қаржы құйып, іргелі істердің басы-қасынан табылды. Сөзімізді нақты сандармен әдіптесек, осынша жыл ішінде болат құбыр бойымен 815 млн тонна мұнай мен 380 млн текше метрден аса су тасымалдапты. Жүк айналымы екі еседен астам артса, ел бюджетіне компания тарапынан аударылған салық көлемі 304 млрд теңгеге жеткен. Республикада өндірілетін «қара алтынның» 47 пайызы отандық мұнай құбыры арқылы тасымалданады.

«ҚазТрансОйл» мерейлі да­та­ға орай «Компанияның 20 жыл­­дығына – 20 игі іс» шаралар жоспарын бекіткен екен. Онда кәсіпорын қызмет­керлерінің барлық тобы мен олардың балалары, жас мамандар, тәжірибелі кәсіби қыз­меткерлер мен ардагерлер, студенттер мен бе­йін­ді жоғары оқу орындары қамтылған. Мәсе­лен, жа­қын­да мамандар ­ «Үздік маман-2017» конкур­сы өтіп, топ жарған үздіктер Омбы қаласындағы халықаралық додаға қатысып, түрлі марапаттарға ие бол­ған. Сондай-ақ Қ.Сәтбаев атын­дағы Қазақ ұлттық техни­калық университетінің 4-курс­ студенттері арасында «Қаз­ТрансОйл» АҚ тәжірибесі негі­зінде магистралды мұнай құбырлары жүйесін зерттеу тақырыбында байқау ұйымдас­тырылған. Нәтижесінде оқу ор­нының талантты да талапты студенті Дана Жұрқабаева «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбырының модернизациясы» аясында өткен ғылыми жобасы үшін бас жүлде – «Қаз­ТрансОйл» АҚ-қа жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие болды. 

Қазан айының ортасында «ҚазТрансОйл» компания­сының тарихында тұңғыш рет Қазақ­станның әр түкпіріндегі жас мұ­най құбыры мамандары Ал­матыда өткен жас мамандар кеңесінің форумында бас қосыпты. Он бес құрылымдық бөлімшеден жиылған 60 қаты­сушы үш күн бойы атқарған жұ­­мыстарына есеп беріп, тәжі­рибелерін ортаға салған. «Қаз­ТрансОйл» АҚ жас мамандар кеңесінің құрылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Деген­мен осы кезеңде кеңес компа­ния құрылымдарындағы 34 жасқа дейінгі мамандардың басын біріктіріп, жұмысқа кіріскен буынның кәсіпорындарда әлеуметтік және кәсіби дағды­ға үйренуіне, біліктілігін арт­ты­руға, әлеуметтік және тұрмыс­тық мәселелерін шешуге оң ық­пал етіп келеді. «Мәселен, «Петерфельд» ЖӨДС пен Опе­раторлық қызмет көрсету басқар­масының жас мамандары Жанат Қазбеков пен Ғалымжан Әбуов – компанияның 20 жыл­дық нышаны мен ұранының авторы.

Шымкент мұнай құбыры бас­қармасының МАС опера­торы Александр Гаврилин – спорт шебері, семсерлесу­ден республикалық және ха­­лық­­аралық сайыстардың жүл­­­­­­дегері. Былтыр қаңтарда ХХVIII Дүниежүзілік униве­р­­сиаданың ашылу салтанатына орай Шымкентте алау алып жүрушілердің қатарында болды. Ал  Павлодар мұнай құбыры бас­қармасының жетекші инже­нер-бағдарламашысы Нариман Қаб­дуалиев философия докторы ғылыми (PhD) дәрежесін иемденген. Сондай-ақ ол элек­тро­­энергетик, автоспорттан об­лыс­тық және респуб­ликалық са­йыс­тардың бірнеше дүркін же­ңім­пазы, автокөлік спорты бойынша 1-санатты кәсіби төре­ші, Қазақстан Республикасы құра­масының мүшесі», дейді кеңес жетекшісі Әнуар Перуаш. 

Кәсіпорын отандық компаниялар арасында тауарларды, жұмыс­тар мен қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қам­туды арттыруға барынша қолдау білдіруде. Мәселенің өзектілігін ескере отырып, ма­гис­тралды мұнай құбыры бо­йынша ұлттық оператор «ҚазТрансОйл» мем­лекеттік деңгейдегі шараны қол­дауға жоғары жауапкершілік танытуда. Үкімет тарапынан жергілікті бизнесті дамытудағы тиімділікті жоғарылату аясында мұнай-газ саласындағы ірі тапсырыс берушілерге нақ­ты мақсаттар қойылды. Ком­пания осы кешенді межеге қол жеткізудің айқын мысалы бола алады. Мұнай құбырының стратегиялық саласында бұл бас­тамалар толық қолдау тапқа­ны қуантады.

Еліміздің кешенді дамуы­ үшін жергілікті қамтуды дамыту және ұлғайту мәселе­сінің маңыздылығын ескерген кәсіпорын сатып алу науқа­нын өткізу кезінде отандық тауар өндірушілермен ынты­мақтастыққа басымдық бере­ді, сол секілді мүгедектер ұйым­дарына қолдау көрсетіп келеді. «ҚазТрансОйл» арнайы киім өндірушілермен, технологиялық тұрғыдан жеңіл өнім жеткізетін өндіру­шілермен, соған қоса арнайы техника, жылыту пеш­тері және басқа да күрделі тех­ни­калық жабдықтарды жет­кізетін қазақстандық тауар өнді­рушілермен ынтымақтастық орнатуда.  Компания қызметтерді көрсе­­­туге жергілікті кәсіби бі­лік­тілігі жоғары мамандарды тартуға тыры­сады.

ҚТО бір жағынан отандық өндірушілердің тауар­лары­ның сапасына қойылатын талаптардың үйлесуін, екінші жағынан ұзақ мерзімді келі­сімшарттар жасау арқасында тек қана қазақстандық мұнай тасымалын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сол секілді Қазақ­станда жаңа өндіріс орын­дарының жолға қойылуына ықпал етуде.

Астанада өткен халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017­ көрмесі ірі өн­діріс­тік ком­­­паниялар үшін иннова­ция­лық технологиялар алаңына айналды. Шетел мемлекет­те­рінің технологияларын Қа­зақ­станның экономикасына­ ар­найы іріктеп, енгізу үшін Энергетика министрлігі не­гізінде сарапшылық топ жа­сақ­талды. Оның құрамына «Қаз­ТрансОйл» АҚ-тың үш өкілі кірді.

Жақында бұл топ жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Көрмеде ұсынылған павильондарды саралай келе 105 жоба таңдалды, оның үшеуі кәсіпорын мамандарын қы­зық­тырды. Энергия ресурсын үнемдеуші технология мәселелері компания үшін өзек­ті. Олар көп жылдан бері осы бағыттағы технологиялар мен құралдарды өндіріске енгізіп келеді. Мәселен, жиі­лік реттемелі жетектерді енгі­зудің арқасында құрылғы орна­ласқан нысандарда компания жа­рық көзін 30 пайызға дейін үнемдейді. 

«Бұдан басқа мұнай тасы­­ма­­­лының шығынын азай­ту­ға мүмкіндік беретін турбу­лент­тілікке қарсы қоспа­лар­­ды қолдану аясында ау­қым­ды жұмыс атқа­рылды. Сарап­шылық топтың мүше­лері ретінде компания ЭКСПО-­2017-ге қатысушы-мемле­кет­тердің барлық павильондарын аралап шықты. Өндірісте қолдануға болатын жылыту мен салқындатудың ірі гелио­жүйелерінің жетекші әлемдік жеткізушісі, аустриялық Solid компаниясының технологиясы таңдалды. Біз Solid өкілдерімен тәжірибелік сынақтар жүргізуді және келешекте аталған технологияларды кеңселік, тұрғын және өндірістік ғимараттарда қолдануды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ словакиялық EcoCapsule компаниясының технологиялық шешімдерін таңдап алдық. Ол – желдік генератор мен фотоэлектрлік панельдермен жабдықталған мобильді тұрғын модульдерінің өндірушісі. Модульдерді қор­­шаған ауа температурасы­ -50­ градус пен +50 градус ара­лы­ғында пайдалануға болады. Олар мұнай өндіру және магистралды мұнай-газ құбыры нысандарын бақылаудың, мониторинг және күзеттің уақытша немесе тұрақты бекеттерін мон­­таждау қажет болған кез­де өте ыңғайлы», дейді «Қаз­ТрансОйл» АҚ Пайдалану де­пар­таменті директорының орынбасары Сергей Костин. 

ҚТО аустриялық 1stLevel­Solar компаниясының тех­но­ло­гиялық шешімдерін қол­дану туралы шешім қабыл­даған. Компания мобильді күн электр стансаларын шы­ғару­мен айналысады. Sundrops-ты жабдықтарды қуат­­тандыруға және коммуникациясы жоқ, қашықта орналасқан нысандардың дала жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалануға болады. ҚТО компания өкілдерімен байланысқа шығып, болашақта ресми кездесулер өткізіп, нысандарда сынамалар жасау жөнінде шешім қабылдады. 

Көрмеде экспозиция түрінде ұсынылмаған технологиялар да болды. Мысалы, АҚШ павильонында мұнай буының рекуперация құрылғысыц н шығаратын компания өкілдері болды. Компанияның резервуарлық паркі ауқымды болғандықтан қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуге бағытталған технологияларды енгізуге мүдделі. «ҚазТрансОйл» аталмыш компания өкілдерімен бірлесе құрылғыларды тек­серіп бақылау бағытында жұ­мыстар жүргізуге әзір. Яғни ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсы­нылған технологиялардан таң­далған 105 әдістен басқа «ҚазТрансОйл» өндіріске сай келетін басқа да технологияларды қарастыруды жалғастыруда

Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»

«Егемен Қазақстан» мен «Шевронның» бірлескен жобасы