• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қараша, 2017

Семейде балалар үйінің түлегі баспанасынан айырылып қалуы мүмкін

346 рет
көрсетілді

Балалар үйінің 23 жасар түлегі Дамир Инюшев жалғыз баспанасынан айырылып қалуы мүмкін.

Оған бұл пәтер мемлекет тарапынан жалға берілсе керек. Тұрақты жұмысы жоқтықтан әрі жан бағу үшін түрлі жұмыстар іздегендіктен Дамир Инюшев жылу беретін мекемеге едәуір қарыз болып шыға келген. Егер ол жақын арада 30 мың теңге қарызын өтемесе және жалға алған пәтерінің ақысын төлемесе, оны үйден шығарып жібереді. Дамир Инюшев өз басындағы жағдайды айтып, «Отбасы орталығы» қоғамдық қорына келді.

Соңғы кездері Семейде өмірдің түрлі талқысына түскенде көмек беретін жаңа жүйе іске қосылған. Осындай күрделі жағдайларда «Отбасы орталығы» бастамасымен арнайы жұмыс тобы құрылып, қала әкімінің орынбасары Надежда Шарованың басшылығымен және тиісті мекеме, ұйым өкілдері бастарына іс түскен отбасылар мен жекелеген адамдарға көмектесіп келеді. 

– Мен «Жастар» колледжін аспаз-кондитер маман­ды­ғы бойынша бітірдім, – дейді Дамир Инюшев, – қа­ладағы Жұмыспен қамту орталығы мемле­кет­тік ме­кемелердегі түрлі асханаларға бірнеше рет жұ­мысқа жіберді. Бірақ барлығы да уақытша ғана алады. Кей­де жекеменшік асханалар жұмысқа алатын. Бірақ бұл жерлерде де жұмыс берушілердің тұрақты ұстау­ға құлықтары жоқ. Әйтеуір келіп-кететін жұмыс қо­лы­на үйреніп алған. «Жастар тәжірибесі» бағдар­лама­сы­мен немесе қоғамдық жұмыс ретіндегі жолдамамен келген­дерді ғана алады. Өйткені стипендияны «Жұ­мыс­пен қамту» бағдарламасы төлейтіндіктен, жұмыс беру­ші­лер өз қалталарынан көк тиын шығар­ғысы келмейді. 

Сонымен Дамир «Жылукоммунэнерго» мекеме­сіне 22 мың теңге және пәтерге 8 мың теңге төлеуі керек. 

Қаладағы ТҮКШ бөлімі бастығының орынбасары Амантай Өтепбаевтың айтуынша, «Жылуком­мунэнерго» КМК бойынша қарызды өтеу үшін аталған мекемеге барып, жағдайды түсіндіру керек. Осылайша қарызды бөліп төлеу мәселесі шеші­леді. Десек те, жас жігіт оны қандай ақшасымен бөліп төлемек, осы жағы түсініксіз. Және ол қалай күн көреді? Оған Семейдегі мейрамханалар асхана­лардың бірінен тұрақты жұмыс қажет. 

Раушан НҰҒМАНБЕК, журналист СЕМЕЙ