Бүгін Үкімет Үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті.
Кездесуде Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық сала бойынша ынтымақ пен әріптестікті кеңейту сұрақтары талқыланды. Бұдан бөлек, мұнайхимия, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу, туризм, денсаулық сақтау және білім беру бағыттарының жаңа инвестициялық жобалары қаралды.
Биыл 9 ай ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2,53 АҚШ долларына жетті, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 1,3 есеге артық. Қазақстан аумағында қазір «Тоталь», «Арева», «Данон», «Викат», «Пежо», «Альстом» сияқты және өзге де француз капиталының қатысуымен 130-дан көп кәсіпорын жұмыс істейді.