Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев экспортты дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің экспортын дамытудың кешенді ұлттық жүйесін іске асыру бағыттары талқыланды. Экспорттық әлеуетке ие тауарлардың «экспорттық қоржыны» қаралды.
Ауыл шаруашылығы өнімдері мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің экспорты 2017 жылдың қаңтар–тамыз аралығында $1 347,9 млн болды. 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда АӨК өнімдері экспортының 10,6% пайызға ($1205,9 млн-нан $1 347,9 млн дейін), соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнімдері 9,9 пайызға ($563,1 млн-нан $625 млн дейін) артқаны байқалады. Экспорт құрылымы бойынша негізгі көлем бидай (28,3%) мен ұнға (21,0%) тиесілі.