• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қараша, 2017

Нұржан Әлтаев ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

581 рет
көрсетілді

Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Нұржан Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы – Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы – заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2002 жылы бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызметтер атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2014 жж. «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын», Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды.

2014 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген.