Жуырда Атасу кентінде инклюзивті білім беру әдістерімен жұмыс істейтін дамыту орталығы ашылды. Мұнда қарапайым және ерекше балалар бірге тәлім алады. Әлеуметтік жоба жекеменшік қаражат есебінен жүзеге асырылды.
Кент тұрғыны Анар Болатбекова кәсіпкерлер палатасы ұйымдастыратын бизнес негіздері курсына барған. Өз ісін бастаушы кәсіпкерге жеңілдетілген несие берілді.
– Басты мақсат – ерекше балаларды дені сау қоғамға бейімдеу болып табылады. Біз бір айдан бері жұмыс істеп келеміз. Бастапқыда 40 балаға шақтаған болатынбыз, бірақ қазірдің өзінде бізге 50 бала жазылды, оның 10-ы ерекше балалар. Штатта тәрбиешілер, психологтар, хореограф, вокал ұстазы және ағылшын пәнінің мұғалімі бар, дейді Анар Болатбекова.
Әр бала өзінің қызығушылығына байланысты үш үйірмені таңдай алады.
Сонымен қатар орталықта ата-аналарға кеңес беріледі.
Мирас АСАН, «Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы