• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2017

Алматыда тұрмыс қалдықтарын өңдейтін және шикізат шығаратын ірі кешен іске қосылады

173 рет
көрсетілді

Орталық  коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қаланың биылғы жылғы негізгі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері және таяу арада жүзеге асатын жоспарлар туралы айтты.

«Жалпы қаланың экономикалық көрсеткіштері, әсіресе ағымдағы жаһандық экономикалық проблемаларды ескерсек, өте жақсы. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында шаһарымыздың жалпы өңірлік өнімі 4%-ға артып, 4,4 трлн. теңгені құрады» деді Б.Байбек.

Сонымен қатар ол келер жылы Алматы да жалпы қуаты 550 мың тонна тұрмыс қалдықтарын өңдейтін және 60 мың тонна шикізат шығаратын арнайы  кешенді  іске қосу жоспарланғанын тілге тиек етті.