Қазақстан Президенті Қостанай қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Күш қолданылатын спорт түрлері академиясына барды, - деп хабарлайды Ақорда.
Елбасы спорт залын аралап көріп, жергілікті спортшылармен, сондай-ақ Қазақстанның ауыр атлетикадан жасөспірімдер құрамасының мүшелерімен әңгімелесті.
***
Академия спорттың ауыр атлетика, пауэрлифтинг, бодибилдинг, армрестлинг сияқты түрлерінен спортшылар дайындайды.