Бұл туралы қалалық мәслихаттың Бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді мәлім етті, деп хабарлайды Елорда инфо медиа-порталы.
Елордадағы үш аудан мен бірқатар басқармалардың алдағы жылдарға арналған бюджетімен таныстырған ол, жаңа аудан құруға қатысты айтып өтті. Оның сөзіне сүйенсек, бұл мәселе алдымыздағы екі-үш айда шешілуі тиіс. Жаңа аудан шекарасына Өндіріс, Кирпичный тұрғын алаптары кірмек. Аудан ашылған кезде оны дамыту бағдарламасы жасалады. Бағдарламаға абаттандыру, көгалдандыру мәселелері енгізіледі.