• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қараша, 2017

2018 жылы ЭКСПО аумағында бірегей орталықтар ашылады

291 рет
көрсетілді

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің халықаралық павиольондарында ашылатын орталықтар туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат. 

ЭКСПО туристік аумағының салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Ахметжан Есімов қазіргі уақытта шетелдік мемлекеттер өз экспозицияларында демонтаждау жұмысын аяқтап жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа жылдан бастап павильондарды күрделі жөндеу жұмыстары басталады. С-3, С-4 павильондарында «Астана» халықаралық қаржы орталығы орналасады.л C-1 павильонында білім беру орталығы құрылады. Ұлттық компанияның басшысы атап өткендей, осы орталықтың негізгі идеясы - ерте жастан бастап болашақ мамандардың  мүмкіндіктері мен әлеуетін анықтау және дамыту болмақ.

«Мұндай орталықтар қазірдің өзінде дамыған елдерде жұмыс істеп жатыр. Ерте жастағы ең маңызды кәсіптер анықталады, бұл қадам болашақта табысты болуы мүмкін. Орталық - білім берудегі жаһандық үрдіс, өмірді қанағаттандыруға бағытталған. Бұл біздің өңірдегі осындай алғашқы орталық болады. Қазіргі уақытта оның тұжырымдамасы Назарбаев университетімен бірлесіп әзірленуде », - деді ол. Сонымен қатар, C-2 павильонында көрме кешені орналасады. Ол түрлі көрмелерге, халықаралық және отандық экспозицияларға арналған алаң болады.

«Өңірлер мен мемлекеттер өздерінің жетістіктерін көрсетіп, тәжірибелерімен үнемі бөлісе алмақ. Қазір дизайнерлік тапсырманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмысқа «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы тартылып отыр», - дейді ол.

Сонымен қатар корпоративтік павильонның негізінде IT-стартаптардың халықаралық технопаркі құрылады. Ол бағыттағы жұмыс ҚР Ақпарат және коммуникацялар министрлігімен бірлесіп жүргізілмек. «Коммуникация орталығы жетекші БАҚ-тардың локациясы болады. Ол алаң ЭКСПО көрмесі кезінде өте ыңғайлы инфрақұрылымдық алаң ретінде өзін көрсете білді», - дейді Ахметжан Есімов.