• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қараша, 2017

Маңғыстауда шенеунік 50-ге жуық жер учаскелерін шаруашылыққа заңсыз берген

257 рет
көрсетілді

Бұл туралы Маңғыстау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Нұргүл Жанназарова мәлімдеді. 

Оның айтуынша,  Қарақия аудандық "жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы  бөлімі" мемлекеттік мекемесінің  басшысы А.Толегенов Құрық  селосы  аумағынан  50-ге жуық  жеке және заңды тұлғаларға қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелерін заңсыз беріп келген.

Бұл деректі прокуратура органдары анықтаған соң, заң бұзушылықты жою туралы ұсынысы негізінде шенеунікке қатысты тәртіптік іс қаралып, шешім шығарылған. Орын алған заң бұзушылықтар мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық болып дәрежеленіп, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен бөлім басшысы қызметінен қуылды.

Жыл басынан бері Әдеп жөніндегі кеңестің 11 мәжілісі өткізіліп, 55 мәселе қаралды, оның 40-ы мемлекеттік қызметшілерге қатысты қозғалған тәртіптік істер.

Тәртіптік жаза қолдану жөнінде мемлекеттік органдардың басшыларына 20 ұсынымдар жолданып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін 6  қызметшіге - «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілсе, 2 қызметші «атқаратын қызметінен босатылды». Қалған 12 қызметшіге Әдеп  кодексімен 8 – ескерту, 2 – «сөгіс», 2 – «қатаң сөгіс»  түрінде жазалар қолданылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметшілердің әдеп ережелері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сыбайлас жемқорлық профилактикасы мәселелері бойынша жұмыс істейтін 1424 Колл-орталығының және департаменттің 8 (7292) 30-30-39 сенім телефонымен қатар, жаңадан 8 (707) 170-14-24 (WhatsApp қосымшасы арқылы СМС және аудио хабарламалар үшін) нөмірлі Маңғыстау облысы бойынша ШҰҒЫЛ ЖЕЛІСІНІҢ ашылғандығын хабарлады, делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар