• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2010

МАНФРЕД НОВАК ҚАЗАҚСТАННЫҢ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МӘСЕЛЕСІНДЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ПРОГРЕСІН РАСТАЙДЫ

1045 рет
көрсетілді

Жүйелі азаптаулар жоқ – ахуал өзге ТМД мемлекеттеріне қарағанда жақсы Вена (АРА.28.01.2010 ж.). Азап­тау­лардың алдын алу жөніндегі БҰҰ-дағы австриялық арнайы баян­­дамашы Манфред Новак Қазақ­стан­ның адам құқын сақтау мәсе­лелерінде қол жеткізген про­гресін растайды. Орталықазиялық мемле­кет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалыққа “өте жақсы дайындал­ды”. Оған сондай-ақ адам құқық­тары ахуалының жақсарғаны­ның да қатысы бар, деді сейсенбіде наурыз­да БҰҰ-ның Адам құқық­тары жөніндегі комитетінде Қазақ­стан туралы баяндама жасауға тиіс Новак АРА агенттігіне берген сұхбатында. Қазақстанда әділ сот, прокура­тура және түрме әкімшілігі “үлкен” ілгерілеушілік жасады. Сыни көңіл-күйдегі үкіметтік емес ұйымдар мен журналистер үшін ахуал онда Бело­руссияға, тіпті Ресей Федерация­сына қарағанда да жақсы, деп түсіндірді Новак. Ол, мәселен, Чешенстандағы билікке ие Рамзан Кадыровтың қарсыластарының басындағы қауіпті жағдайға сілтеме жасады. “Кадыровтың қарсылас­тары, бізге Венс Умар Израилов­тың қаза табу жағдайы көрсет­кендей, тіпті шекараның сыртында да қауіп-қатермен өмір сүреді. Қазақстанда осы сияқты журна­листерді өлтірген жағдай маған кездескен жоқ”. Новак Қазақстанға ЕҚЫҰ төрағалығын сеніп тапсыру шеші­мін түсінеді. “Егер бұл лауазымда Кеңес Одағы мұрагерлерінің қатарынан бір мемлекетті көруге ниет болса, бұл дұрыс шешім. Мен Грузия, Арме­ния, Әзірбайжан, Молдова Респуб­ликасы немесе Украина сияқты мемлекеттер ол үшін жақсырақ сәйкес келер еді деп ойламаймын”. Кеңес уақытында Қазақстан ГУЛАГ-тың ортасында болды, деп түсіндіреді одан әрі Новак. Қайта әлеуметтендіруге емес, “қамап тас­тауға” бағытталған қылмыстық құқық бүгіннің өзінде “өте жаза­ла­ғыш”. Неғұрлым жоғары жаза белгіленген сайын соғұрлым қамау­дағыларды оларға келіп тұру мүм­кін­діктері мен құқыларынан шек­тейді. “Бұл нәтижелі емес”, деп сын тұрғысында атап өтті БҰҰ сарап­шысы. Бірақ Қазақстан еуропа­­лық стандарттары бар мемлекет ретінде танылуға және Кеңес Одағының ескілікті ауырт­палықтарынан арылу­ға мүдделі. Австриядағы бұрынғы қазақ елшісі Рахат Әлиевтің ісі бойынша Новак ешқандай мәлімдеме жасауға ниетті болған жоқ, бірақ ол азаптаулар қолданылады деп кінә тағылатын елдерге экстрадиция жасау мәселесі туралы жалпылама түрде пікір білдірді. Оның сөзіне қарағанда, өз зерттеулері арқылы ол, Қазақстанда әлі де азаптау жағдайларының бар екеніне қара­мастан, дегенмен өзі азаптаулар “жүйелі де, кең тараған да емес” деген қорытындыға келген. Әлем­нің барлық дерлік елдерінде түрлі жиілікте азаптаулар қолданады деген кінәлаулар орын алады. Таяуда Австрияда да ондай жағдай болды, деп атап өтті Новак. Босқынды мәжбүрлеп шығаруға тыйым салатын халықаралық құқық принциптеріне сәйкес (Non-Refoulement) адамдар жүйелі түрде азаптау қолданылатын мемлекет­терге берілмейді, деп түсіндірді Вена­дағы адам құқықтары жөнін­дегі Больцман институтының бас­шы­сы. “Егер белгілі бір елдегі адам құқықтарының сақталу жағдайына жасалған баға азаптаулар жүйелі қолданылмайды деген қорытын­дыға келсе, онда мен әрбір нақты істі өте мұқият қарауым керек”. Ондай жағдайда экстрадициялау жөнінде сөз болып отырған әр адам оған азаптау қаупі төніп тұрғанын дәлелдеуі тиіс.