• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қараша, 2017

Баукең атындағы мектеп

680 рет
көрсетілді

Тараз қаласында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы №45 қазақ клас­сикалық гимназиясы бүгінде республика бойынша алдыңғы қатарлы білім ошақ­тарының бірінен саналады. Жыл сайын­ Жамбыл облысы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуден үздік көрсеткіш көр­сетіп ке­ле жатқан гимназия да осы. Тек қа­на са­­палы білім беруді мақсат еткен білім оша­ғы бірнеше буын білімді азаматтарды тәр­биелеп шығарды. 

Ел газетінің болашақ ұрпақ­тың білімін еселеп, көзқарасын қалыптастыруда ықпалы үлкен. Осы орайда «Егемен Қазақстан» га­зетінің ұзақ жылдар бойы өңірдегі меншікті тілшісі болып қызмет атқарған ардагер журналист Мақұлбек Рысдәулетпен бірге аталған гимназияға арнайы ат басын бұрдық. Гимназия директоры Фарида Шортанбекова әуелі білім ошағымен таныстырды. Мәселен, гимназияның жұмысына қанағаттанған ата-аналар білім ошағындағы 24 кабинетті 1,5 миллион теңгеге толық ақпараттық технологиямен жабдықтап беріпті. Сондай-ақ 11 «А» сыныбының ағылшын тілі сабағының бір тобымен де кездесіп, сұхбаттасудың сәті түсті. Осы сыныпта оқитын Ка­мила Зулфухарова өткен оқу жы­лында FLEX халықаралық бай­қауының нәтижесі бойын­ша АҚШ-та білім алып келіп­ті. Сонымен қатар Нұрай Мом­бекова да биылғы оқу жылында­ аталған мемлекетте білім алуда. 

Мұнда 1991 жылдан бе­рі Бауыржан Мо­мыш­ұлы мұ­ра­жайы жұмыс істейді. Мұра­жай­да «Батырға тағзым», «Аза­мат. Қаламгер. Қа­һарман», «Ұлы­ Отан соғысы кезінде пай­да­ланылған заттар, наградалар мен әскери киімдер экспонаттары», «Бауыржан туындылары», «Бауыржан – 100 жас­та» және «Тәуелсіздікке – 25 жыл» деп аталатын бөлімдер бар. Ба­тыр­дың көзі болған құнды жәді­герлерді мұнда батырдың келіні Зейнеп Ахметова тапсырған екен.

Педагогикалық ұжыммен кез­десу барысын­да қаламгер-жур­налист М.Рысдәулет бас га­зеттің бүгінгі бағыты туралы ­пікірін білдірді. «Ғасырлық та­ри­хы бар ата басылым – қазақ руханиятының қара шаңырағы. Мұн­да Сәкен Сейфуллин, Бе­йімбет Майлин сияқты Алаш арыс­тарынан бас­тап, Шерхан Мұ­ртаза, Әбіш Ке­кілбаев сия­қ­ты әйгілі жазушыларға де­йін қыз­мет атқарған. Бүгінгі таң­да бас газетіміз ел оқитын, ха­лық­тың рухани сұранысын қана­ғат­тандыратын дү­ниелерді көптеп беруімен ерек­шеленеді. Мәселен, «Кө­кейкесті», «Мәсе­ле­нің мәнісі» айдарлары халық­тық мәселелерді кө­терсе, «Өңір өмірі» айдары өңірлердің ты­ныс-тіршілігін бейнелейді. Ал ұстаздарға арнал­ған «Тәлім» беті еліміздің әр қиырындағы ұс­­таз­­дардың ойларын, жұмыс тәжі­рибесі мен идея­ларын жа­рия­лайды», деп атап өтті. Сон­дай-ақ гимназия директоры Ф.Шортанбекова ұстаздарға ар­налған «Тәлім» беті үшін редакция басшылығына ризашы­лығын білдірді. «Ұрпақ тәрбие­леуде  ұстаздардың еңбегі ерекше. Ұстаздық – ұлы міндет. Сон­дық­тан да ұстаздардың ұла­­ғатты ойларын, сабақ өту тәсі­лін, білім саласындағы пі­кір­лерін жариялаған бас ба­сы­­лымның оқырманы көп. Ең­ бастысы  бұл еліміздің әр қиы­рындағы ұстаздардың бір-­бірімен тәжірибе алмасуы үшін өте қажет дүние», деді Ф.Шор­танбекова.

Сонымен қатар математика­ пәнінің мұғалімі Мұрат Қаспа­қов, қазақ тілі мен әдебиеті пәні­нің мұғалімі Қарлығаш Ер­ғарақызы және география пә­ні­нің мұғалімі Рахымжан Ал­манбетов білім берудің жаңа жүйесі және газеттің жаңартылған мазмұны жө­нінде өз ойларын айтты.

Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы