• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
Үкімет 17 Қараша, 2017

Бақытжан Сағынтаев «Шелл» концерні өкілдерімен кездесу өткізді

292 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компанияның атқарушы директоры Бен Ван Берден басшылығымен «Роял Датч Шелл Плс» өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері мен «Шелл» компаниясымен Қазақстанның мұнай-газ саласында бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

«Шелл» нидерланды-британ энергетикалық концерні 1997 жылғы 18 қарашада қол қойылған, Солтүстік Каспий бойынша өнімдерді бөлу туралы келісім (СК ӨБК) қатысушыларының бірі. СК ӨБК бойынша келісімшарттық аумақта мына кен орындары орналасқан: Қашаған, Қаламқас-теңіз, Ақтоты, Қайран және Оңтүстік-Батыс Қашаған.