• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қараша, 2017

Қазақстан VI халықаралық мәдени фо­румға қатысты

320 рет
көрсетілді

Жуырда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында VI халықаралық мәдени фо­рум өтті. Жиынға ТМД, Еуропа, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінен халықаралық ұйымдардың, ірі мәдениет мекемелерінің басшылары, көрнекті қоғам қайраткерлері, мәдениет саласының өкілдері қатысты. Ауқымды жиында еліміз «қонақ дәрежесіндегі ел» ретінде Эрмитаждың бас штабы алаңында баспасөз мәслихатын өткізді. 

Оған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, «Астана-Мюзикл» театрының директоры Асхат Маемиров, «Қасиетті Қазақстан» ғылы­ми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалиұлы және Наталья Сац атындағы республикалық балалар мен жасөспірімдер орыс театрының директоры Надежда Горобец қатысып, форум қонақтарын қо­ғам­дық сананы жаңғыртуға қатысты ел­дегі бірқатар жобалармен таныстырды. 

Еліміздің киелі жерлерінің жол картасын құруға бағытталған «Қасиетті Қазақ­стан» жобасымен осы аттас ғылыми-зерт­теу орталығының директоры Берік Әбді­ғали­ұлы таныстырды. «Бүгінгі таңда біз мыңға жуық нысанды анықтадық. Біз тек киелі, қасиетті жерлерді ғана анықтап қоймай, соған байланысты туындаған аңыз­дарды да жинаймыз, интерактивті карталар жасаймыз. Мұның бәрі туристерді тар­ту, бүкіл әлемге біздің мұрамызға қызы­ғу­­шылық тудыру үшін жасалады», деді ол. 

Ал Қазақстан театрларының даму дең­гейін Надежда Горобец баяндады. «Елі­міз­дің театрларында барлық репертуарлар қар­жы­ландырылады. Мұнда әр ұлт өзі­нің өнерін насихаттауға мүмкіндік алып отыр», деді ол.

Еліміздің атынан Санкт-Петербургке бар­ған делегация VI Халықаралық мәдени форум­ға өз бағдарламаларын ұсынды. Мыса­лы, 16 қараша күні Михайлов театры­ның сахнасында «Астана Балет» пен «Қазақконцерт» ұжымдары бірігіп гала-концерт өткізді. «Ұлы дала мұрасы» атты хореографиялық миниатюралар мен ұлттық нақыштағы балет фраг­менттері көрсе­тілді. «Махаббат. Жо­ғал­ту. Қорқы­ныш» балеті, Эдит Пиаф, Шарль Дюмон, Жак Брельдің музыкалық әуені таныстырылды. Сондай-ақ мерекелік кеш­те этно-фольклорлық «Номад» ансамблі елі­міз­дің ұлттық дәстүрлі мәдениетін таныстырды.

Ал «Манеж» орталық көрме залында «Қазақфильм» киностудиясы Ерлан Нұрмұхам­бетовтің «Жаңғақ тал» туынды­сын ұсынды. Оған ауылда өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың тағдырлары өзек болған. Режиссердің ауыл тіршілігін әзіл-қалжыңмен өрнектеген бұл кинокартинасы Оңтүстік Кореядағы 20-шы Пусан халықаралық кинофестивалінің «Жаңа ағым» секциясы бойынша бас жүлдеге ие болғанын, сондай-ақ былтыр Фран­цияда өткен XXII халықаралық Азия кино­фес­ти­валінде екі бірдей жүлдеге лайық деп таныл­ғанын айта кетсек те артық болмас. 

Санкт-Петербургте өткен форум барысында Қазақстан мен Ресейдің мәдени ынтымақтастық саласындағы қарым-қаты­насының бекем екені байқалды. Өнер адамдары арасындағы таныстық, жаңа жобаларды бірігіп жасау сынды қарым-қатынастар өнерге серпін беретіні анық. Бұл орайда «28 Панфиловшылар» фильмін түсірудегі ынтымақтастыққа байланысты еліміздің Мәдениет және спорт министрінің ресейлік әріптесі Владимир Мединскийге алғысын білдіруі де осы форум шеңберінде жүзеге асты. Жалпы мұндай деңгейдегі форумдардың бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асырудың таптырмас мүмкіндік алаңы екені де анық. 

Айгүл СЕЙІЛ, «Егемен Қазақстан»