• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2011

Елбасы көңіл айту жеделхатын жолдады

1069 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, халқымыздың мақтан тұтар аяулы перзенттерінің бірі Салық Зимановтың өмірден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады. «Салық Зиманов отандық заң ғылымының дамуына, құқықтық мемлекеттің қалыптасуына, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан зиялы тұлға еді. Ол кісі шын мәнінде кісілік пен даналықтың үлгісіндей, әділдіктің таразысындай абыз ақсақалымыз болатын. Адамгершілік қасиеттері мол, жаны жайсаң, жүрегі кіршіксіз, абзал азаматтың елге сіңірген еңбегі мен жарқын дидарын халқымыз әрдайым жүрегінде сақтайды деп сенемін. Оның ғылымдағы мол мұрасы мен ғибратты ғұмыры кейінгі ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Марқұмның топырағы торқа, жаны жаннатта болсын», – делінген жеделхатта.