• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2011

Күн тәртібіне енгізілді

296 рет
көрсетілді

Кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының отырысы өтті. Онда алдағы аптада Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сарапқа салынды, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті «Ин­дустриялық-инновация­лық қыз­мет­ті мемлекеттік қол­дау ту­ралы» және соған сәйкес ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда қарауды ұсын­­ды. Ал Ха­лық­аралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің ұсыны­сы­мен «Ма­териалдық емес мә­дени мұ­раны қорғау туралы кон­вен­цияны ратификациялау ту­ралы» заң жобасы жалпы отырыстың күн тәртібіне енгізілетін болды. Палатаның Заңнама және сот-құқықтық реформа кейбір заң­намалық актілерге зияткерлік меншік мәселелері бойын­ша толықтырулар енгізуді көз­дейтін заң жобасының екінші оқылымда депутаттар тал­қы­сы­на шығары­латынын хабарлады.