• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2011

Отандық жүзінші тепловоз

549 рет
көрсетілді

«Локомотив құрас­ты­ру зау­ы­т­ы» АҚ 100-ші тепловозды құ­растырып шы­ғарды. Отан­­дық локомотив шы­ға­ру үдемелі ин­дус­триялық-ин­но­вациялық даму бағдар­ла­ма­сы аясында жү­зе­ге асырылуда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіп­орны «Локомотив құрас­ты­ру зауыты» АҚ еліміздегі ауыр машина жасау саласының қар­лығашы болып табылады. Нөмірі 0100-ші тепловоз 18 түрлі сынақтан сүрінбей өтті. Енді оған «Қазақстан те­мір жолы» ұлттық ком­па­ния­сы» АҚ-тың елу шақы­рым­дық ма­гистральдық желісінде сынақ­тан өту қалды. Бұл сынақтан да сүрінбей өтсе, Ақтоғай станса­сы­ның локомотив пайдалану депо­сы­ның паркі құрамына кіреді. Сөйтіп, Ақтоғай – Семей бағытында жүк пойызын алып жүретін болады. Қазақстандағы ауыр машина жасау саласының тұң­ғышы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ 2009 жылғы шілденің 3-інде іске қосылған болатын. Елімізде алғашқы локомотивті құрастыру бес айдан астам уақытты алған болса, қазір зауыт қабырғасынан айына ТЭЗЗА үлгісіндегі жүк ло­ко­мотивінің 6-8-і шығарылады. Мұндай көрсеткішті тұрақты ұстап тұру үшін зауыт еңбек­керлері үш ауысымда тәулік бойы тер төгеді. Бүгінде кәсіпорында отан­дық темір жол көлігі ма­ши­насын шығарып қана қоймай, қазақстандық өнім түрлерін де көбірек тартуға ден қой­ылу­да. Мұнда қарашаның ор­тасына қарай отандық өнімді игерудің екінші кезеңіне көш­пек. Осылайша қазақ­стан­дық тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алу көр­сеткіші 2012 жылдың үшінші тоқсанына дейін 32 пайызға жеткізілмек. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК, Астана.