Жуырда ҚКХП орталық комитетінің хатшысы В. Косарев бастаған делегация Омбы облысында жұмыс сапарымен болды.
Қазақстан коммунистерінің жылы жүзді кездесуі биыл желтоқсанда өтетін Ресей Мемлекеттік Думасына депутаттар сайлау секілді саяси маңызы зор науқан қарсаңында өтті. Омбылықтар қазақстандық қонақтарды облыстық сайлау учаскесінің жоспар құрылымымен, жаңа құрал-жабдықтар орнатылған партиялық баспахананың соны жетістіктерімен таныстырды. Дауыс беру үрдісін қадағалау және сайлау қорытындыларын шығаруға орай саяси партиялардың аймақтық бөлімшелері қызметтерін үйлестіру жөнінде ЛДПР-мен жасасқан келісімдер туралы айтып берді.
Өмір ЕСҚАЛИ.