• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2011

Құжат жобалары комитеттерге берілді

304 рет
көрсетілді

Кеше Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен болған Парламент Сенаты Бюросының отырысында Парламент Мәжі­лі­сін­де мақұлданған заң жобалары комитеттер мен Сенат Аппа­ра­ты­на берілді, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі. Отырыста Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жө­ніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңес­ке мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны, 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжым­дық қауіпсіздік туралы шартқа өзге­рістер енгізу туралы хаттаманы, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжым­дық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғысына өзгеріс­тер енгізу туралы хаттаманы, Қа­зақстан мен Беларусь арасын­да­ғы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынты­мақ­тастық туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобалары одан әрі зерделеу үшін Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне берілді. Қазақстан мен Сербия ара­сын­дағы еркін сауда туралы үкі­мет­аралық келісімді ратифика­ция­лау туралы, «Ғарыш қызметі ту­ралы», «Қазақстан Республи­ка­сы­ның кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізу туралы», «Газ және газбен жабдықтау туралы» және «Қазақстан Республи­ка­сының кейбір заңнамалық актілеріне газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту­ра­лы» заң жобалары бойынша бас комитет болып Экономикалық және өңірлік саясат комитеті белгіленді. Заңнама және құқықтық мәсе­лелер комитеті «Қазақстан Рес­пуб­ликасы мемлекеттік тәуел­сіз­дігінің жиырма жылдығына бай­ла­нысты рақымшылық жасау ту­ралы», еліміздің кейбір заңна­ма­лық актілеріне адвокатура мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және «Мемлекеттік құқықтық ста­тистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Респуб­ли­касының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша негізгі комитет болып белгіленді.