• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Футбол 27 Қараша, 2017

«Тараз» жастарға сенім артады

250 рет
көрсетілді

«Тараз» футбол клубы бірінші лигада ойнайды дегенді естігенде жанкүйерлердің езуіне күлкі үйіріледі. Соншама талантты футболшыларды тәрбиелеген ұжым осындай халге душар болып отыр. Жамбыл жері қазір де таланттарға кенде емес. Алайда клубтың менеджмент саласы ақсап тұр. Өзі баулыған футболшыдан табыс түсіріп, жанкүйерлер тарту жолында жұмыс істемейді. Енді тіпті, биыл бірінші лигаға түсіп қалды.

1996 жылы Қазақстан чемпионы болған «Тараз» өткен жылы да тығырыққа тірелген еді. Жағдай әй­теуір «Алтай» командасының құ­жаттары жарамсыз болып, орны­на премьер-лигаға «Тараз» жол тарт­ты. Осы хабарды ақпан айында ести сала апыл-ғұпыл шаруаға кі­ріскен жамбылдықтар Воит Тал­ғаевтың біліктілігіне сенім артты. Тәжірибелі бапкер 10 күннің ішін­­де команданы жасақтады. Пре­­мьер-лигада ойнай алатын жас­­тарды тартып, Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында шұғыл түр­­де легионерлер шақыртты. Ко­­ман­даны, амал жоқ, өзге клуб­тар­дан іріктеуінен өтпеген аяқ­доп­шылардан сұрыптады. Міне, осылайша команда жоғарғы топқа «топ» ете түсті.

Чемпионат ортасында тіпті ал­ғашқы алтылыққа енген кезі де болды. Кейіннен 7 мен 8-ші орын­­дарға тұрақтады. Дей тұр­ған­мен кейінірек Талғаев­тың ко­ман­­дасына көз тиді. Өз ала­­ңын­да­ғы ойындардың өзін­де же­ңіле беріп, қатарынан сәтсіз­дік­тер сериясына ұшырады. Жығылғанға жұдырық болып УЕФА «Тараз» ко­мандасынан 6 ұпайды алып тас­тады. Оған кінәлі нигериялық ша­буылшы Одита Обиора. Ха­лық­аралық ұйымға хат жазып, ай­лы­ғымды бермеді деп арыз тү­сірген. Анықталса расымен де Одитаның 2015 жылға дейін ке­лі­­сімшарты болыпты. Алайда оны бапкерлер 2014 жылдың соңында «командаға керегің шамалы» деп жылы шығарып салған. Араға екі жыл салып Обиора Қазақстан кәсіпқой лигасына ша­ғым түсірген. Командадан кеткен кезде төленетін өтемақыны сұ­ра­ған. «Тараз» футбол клубының пре­зиденті Махамбет Дүйсембиев еш­қандай талассыз футболшының сұ­раған қаржысын төлеп берген.

–  Клубты маған дейін басқар­ған Талғат Әпсеметов футбол­шы­ның қандай деңгейде екенін бай­қа­мастан 3 жылға келісімшарт жа­сас­қан. Легионер алғашқы жылы өнер көрсеткеннен кейін, спорт­тық бабын жоғалтқан. Жаңа­дан келген бапкер Обиора­ның болашағына сенім артпаған соң, командадан кетуге мәжбүр болған Нигериялық фут­болшы Еуропадағы өзге коман­даға ауысады. Кейіннен келі­сімшартын ақтарып жүріп өте­м­ақы­сын даулай бастаған. Соның сал­дарынан қазір «Тараз» футбол клу­бы зардап шегіп отыр. Сол 6 ұпай қазір біздің пайдамызға жа­зыл­са, біз премьер-лигадағы ор­нымызды сақтап қалар едік, – дей­ді клуб басшысы Махамбет Дүй­сембиев.

Естеріңізде болса, тура осындай жағдайға тап болған «Атырау» фут­­бол клубы чемпионат басталар тұс­та 6 ұпайынан айырылған еді. Мұн­дай оқиғалардан кейін қазақ­стан­дық футбол клубтарынан алашағы бар өзге де легионерлер УЕФА-ға хат жазып, дау тудырып жүрмесе болар еді дейсің.

Биылғы жылы «Тараз» ойын­­шы­­ларына 600 млн теңге кө­ле­мінде жа­лақы төленсе, келер жылы осы сома екі есеге қысқаратын түрі бар. Бірінші лигада өнер көрсететін ко­мандаға тек 3 легионер алуға рұқ­­сат беріл­ді. Демек ұжымның не­­гізін жер­гілікті жастар құрайды де­ген сөз. Жастар демекші, биыл ерек­­ше көзге түскен тараздық Ер­ке­бұлан Сейдахмет Санкт-Пе­тер­бургтен «Зенит» командасына ауысуға дайын отыр. Ал Қазақ­с­тан жастар құрамасының сапын­да жар­қырай көрінген Бахтияр Зай­нут­диновті де «Астана» футбол клу­бы сатып алмақшы.

– Зайнутдинов «Тараз» футбол ака­демиясының түлегі. Жамбыл жері­нен жыл сайын осындай бір фут­болшы жарқырап шығып жа­тады. Ұлттық құрамалар дең­гейіне көте­рілген жас талантқа осы күні еліміздің 4 дүркін чемпи­оны, «Астана» командасы құда тү­­сіп отыр. Өзіміз тәрбиелеген фут­бол­шы­ның трансферлік құны ша­мамен 20 миллион теңге. Егер елордалық ұжым келіссе, фут­болшының одан әрі дамып, жо­ғарғы деңгейге көте­рі­луіне қар­сы емеспіз, – дейді Махамбет Дүй­сембаев.

Ал енді жамбылдық команда ке­лесі маусымға мақсат қойып, пре­мьер-лигаға қайта оралуды көз­дейді. Қазіргі бапкер Воит Тал­ғаевқа тағы да ұсыныс айтыл­ды. Бі­лікті бапкер команданы жат­тық­тыруға қарсы емес секілді.

Ермұхамед МӘУЛЕН,

«Егемен Қазақстан».