• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2011

Жаңа...

242 рет
көрсетілді

...ҚАЗАҚ – ТҮРІК      ЛИЦЕЙІ АШЫЛДЫ Ертеде ата-бабамыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп өсиет еткен екен. Бұл тәмсілдің мәні өзгермей, Ел­ба­сы жас ұрпаққа бәсекеге қабі­летті білім беру мәселесіне ерекше назар аударып, елімізде осы ба­ғыттағы жұмыс жүйелі жал­ғас­тырылып келеді. Соның дәлелі, Талғар ауданында тарихы, діні мен ділі бір Түркия мемлекетінің 6,5 миллион доллар инвестиция салуы нәтижесінде 320 орынға арналған жаңа білім шаңырағы пайда­лануға берілді. Екі ел арасындағы өзара ын­тымақтастыққа алтын көпір бол­ған оқу орнында балалар мемлекеттік тілмен қоса, түрік, ағыл­шын және орыс тілдерін оқумен қатар, саламатты өмір салтын қалыптастыруға арналған орын­дар­мен, құрал-жабдықтармен жет­кілікті қамтылған. Спорт зал, баскетбол, волейбол алаңдары да бар. Оқу орнының жалпы аумағы – 1,5 гектар. Онда үш қабатты мектеп, 280 төсектік жайлы жа­тақ­хана орналасқан. Алғашқы қа­былданған 110 бала шалғай елді мекендерден келген талантты балалар және әлеуметтік жағынан жеткіліксіз қамтылған отбасы­ла­ры­нан шыққан жасөспірімдер. Оқыту тегін, аз қамтамасыз етілген балаларға білім беру қоры­ның құрылтайшысы Зияндин Касановтың көмегі де зор. Жаңа қазақ-түрік лицейінің ашылу салтанатына Түркия Рес­пуб­ликасы Премьер-министрінің орынбасары Бекер Боздағ және басқа ресми адамдар қатысты. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы. * * * ...КӨЛІКТЕР БЕРІЛДІ Ішкі істер басқармасына қа­рас­ты жол полициясы қызмет­кер­лерінің жұмыс сапасын жақсарту мақсатында заман талабына сай көліктер алу үшін биыл облыс бюд­жетінен 111 миллион 578 мың теңге бөлінген болатын. Яғни, жол полициясы қызмет­кер­лері ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығы қарсаңында 50 көлікке қол жеткізді. Қазір бұл көліктердің барлығы да арнайы байланыс құралдары – компьютермен, рация және GPS жүйесі сияқты жаңа техника жетістіктерімен жабдық­тал­ған. Қызметтік жаңа көлік­тер­ге қол жеткізген жол сақшылары ар­найы түрде жаб­дықталған құ­рыл­ғылардың тұр­ғындар қауіп­сіз­дігін сақтауда, облыс орта­лы­ғы­ның көшелерінде жүргізу­ші­лер тарапынан заң бұ­зушылық деңгейінің төмендеуіне әсер ететінін айтады. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар. * * * ...ҚАЗАНДЫҚ  ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Қостанай қаласының оңтүстік бөлігін жылумен қамтамасыз ететін №3 жылу қазандығы іске қо­сыл­ды. Жаңа қазандықтың қуаты 498 мегаВаттқа жетеді. Оған 90 метрлік мұнара-мұржа орнатыл­ды. Ол бұрынғыдай кірпіштен өріл­меген, отқа төзімді заманауи құрылыс материалынан жасал­ған. Қосымша екі бу және үш су қазандығы да осы мұнара-мұр­жа­ны пайдаланады. Қазандық қа­ла­ның оңтүстік бөлігіне берілетін жылуды арттыра түсті. Оны бас­қару автоматтандырылған. Қазандық жобасын жүзеге асы­руға бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлінді. Осыған дейін Қос­та­най қаласының оңтүстік бөлі­гіне берілетін жылу жеткіліксіз болатын. Мамандардың айтуына қарағанда, қазандықтың жылыту көлемін ұлғайтқаннан кейін тұр­ғындар жылудан тарықпайтын болады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.