• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
08 Қараша, 2011

Барлық параметрлер бойынша

377 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Құрлық әскерлеріндегі қорытынды сынақтар барысын бақылады. «Көктал» оқу по­ли­го­нында Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәй­кеев­тің жетекшілігімен әскер түрі басшылық құрамының төрт күндік оқу-әдістемелік жиыны өтті. Жиынның мақ­саты жедел және жау­ынгерлік әзірлікті заманауи талаптарға сәйкес одан әрі жетілдіру және жүргізу бо­лып табылады. Бүгінде Құрлық әс­кер­ле­рінің жауынгерлік дай­ын­дығы ел қауіпсіздігін қам­тамасыз ететін тапсыр­ма­ларды шешуге кепіл бо­лады. Бұл жерде негізгі күш елді мекендердегі, да­ла­лық және таулы жерлердегі заңсыз қа­рулы құ­ры­лым­дардың көзін жоюға жұмылдырылды. Қорғаныс министрі сы­нақ­тардың қоры­тындысы шы­ғарылған күні роталық-тактикалық жатты­ғу­лар­да­ғы тәжірибелік сабақтарды бақылады. «Көктал» пол­и­го­нында мотоатқыштардан, аэроұтқыр және артил­ле­рия­лық бөлімшелерден құ­ралған роталық-тактикалық топ армиялық авиацияның қолдауымен таулы аймақты қорғап, шартты банды құ­рамын қоршауға алып, олардың көзін жойды. Жат­тығуларды өткізу бары­сын­да жауынгерлік реттілікке, ату жүйесіне, аймақтағы ин­женерлік құрылғыларды сауатты пайдалануға, сон­дай-ақ жауынгерлік қимыл­дарға айрықша мән берілді. – Әскери қызметшілер жоспарлау және күштерді қолдануда жақсы тәжірибе алды, – деп атап өтті Қор­ғаныс министрі. – Қалада және таулы аймақта ұрыс жүргізудің өзіндік қиын­шы­лықтары бар. Бұл жау­ын­герлерден тәжірибе мен әртүрлі әдістерді талап етеді. Қорғаныс министрі Әділ­бек Жақсыбеков жеке құ­рам тактикалық тәжірибе­ле­рін дәлелдеген жат­ты­ғу­дың қорытындысына қа­на­ғаттанарлығын жеткізді. Аталған жаттығу әлемдік жетекші державалардың жау­ынгерлік іс-қимылдары мен шетелдік армиялардың жауынгерлік дайындығына терең талдау жүргізе оты­рып өткізілді. Құрлық әс­керлерінің басшылығы атап өткендей, математикалық мо­делдеу жүргізіліп, қа­шық­тық және оқ-дәрі­лер­дің саны есептелді. Жиынның маңызды ба­ғыты ретінде бөлім командирлері мен олардың орын­басарларының кәсіби біліктілігін тексеру болғанын атап өткен жөн. Құрлық әс­керлерінің басшылық құ­рамы тактикалық және ар­найы тактикалық дайын­дық бойынша сынақ тап­сыр­ды. Денешынықтыру бойынша да офицерлер өз нормативтерін бағындыра алды. Ағымдағы жылдың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды. Үздіктер мақтау грамо­та­ла­рымен, алғыстармен және естелік сыйлықтармен ма­рапатталды. Жедел-әдіс­те­ме­лік жиын Қорғаныс ми­нистрінің 2012 жылдың тапсырмаларын айқын­дау­ы­мен аяқталды. – Сіздерді жиынның сәт­ті аяқталуымен құттық­таймын, – деді Қорғаныс министрі. – Сіздерде жау­ын­герлік оқу нәтижесіне, әс­кери тәртіп, қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік қабілетіне, бір сөзбен айтқанда, Қарулы Күштердің жауынгерлік қа­білетіне шешетін түсінік қалыптасты деп ойлаймын. Оксана ПАРПУРА. ------------------------------- Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ.