• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2017

Ұлттық тұтастық кепілі

403 рет
көрсетілді

Біздің бүгінгі барлық жетіс­тіктеріміз бен табыстарымыз бі­рінші кезекте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сын­дарлы саясатының нәтижесі. 

Ке­ше Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының бас­тамасымен «Тұңғыш Президент күні – ұлттық тұтастық мерекесі» тақырыбында өткі­зілген мәжілісте Қ.Жұбанов атын­­дағы Ақтөбе өңірлік уни­вер­ситетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Нұртаза Абдоллаев айтар сөзін осы арнадан сабақтады. 

Тұңғыш Президенттің ар­қа­­лаған жүгі салмақ­ты. Оған­ мем­­лекеттілікті қалыптас­ты­­­­рып, елді өтпелі кезеңнің қиын­­­­шы­лықтарынан алып шы­­ғу секіл­ді үлкен тарихи мін­дет жүктелді. Ел се­німі то­лығымен ақталды. Тұңғыш Пре­зиденттің төңірегіне барша қазақ­стандықтар тығыз топтаса түсті. Ел-жұрт Елбасы­ның бастамасымен жас мемле­кетімізде қолға алынған рефор­ма­ларға қолдау көрсетіп, оның тірегі бола білді, деді бұдан әрі С.Бәйішев атын­дағы Ақтөбе университетінің доценті, қазақ тілі мен әдебиеті кафе­дра­сының меңгерушісі Ті­лектес Тоқсан­бае­ва.

Сондай ақ бүгінгі күні Тұң­ғыш Президенттің салиқалы сая­сатының нәтижесінде ел экономикасы өсіп-өркендеп, сая­си-әлеуметтік даму үрдісі ал­ға басып отыр.  Елбасымыз бү­­гін­гі күні тұғырланып келе жат­­қан мемлекетіміздің саяси,­ экокомикалық және рухани тұр­ғыдан үндесе дамуының бір­тұтас жолын көрсете отырып, қазақстандықтарды жаңа биік­­тер мен асуларға бастап ке­­леді. Мәжіліске қатысқан эт­но­мә­дени бірлестіктер мен шы­ғар­машылық ұжым жетек­шілері және ақсақалдар мен ана­лар ке­ңес­терінің мүшелері  Ел­басы ең­бе­гінің осы қырына екпін тү­сірді. «Нұр Отан» партиясы, «Жас Отан» жастар қанатының мү­­шесі Әсел Бөлекова бүгінгі ұрпақ еліміздегі ғаламат өз­ге­ріс­тердің куәсі екенін айта ке­ліп, олардың бойында ортақ Ота­нымыз Қазақстанға деген мақ­таныш сезімі орнығып келе жат­қанын тілге тиек кетті. 

Мәжіліске қатысушылар Тұң­ғыш Президент күні – ұлттық тұтастықты тереңдете түсетін мерейлі мереке деген тұжырымға тоқталды. 

Темір ҚҰСАЙЫН,  «Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ