• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2017

Футболдан Әлем чемпионаты 2018: Қатысушылар өз топтарын анықтады

1281 рет
көрсетілді

Мәскеуде Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты топтық кезеңінің жеребесі болды. Біріншілік келесі жылдың маусым-шілде айларында көршіміз Ресейде өтпек.

Әлемдік доданың финалдық кезеңіне өткен 32 ұлттық құрама 8 топқа бөлінді. Төрт жылда бір өтетін бұл жарысқа тұңғыш рет Панама мен Исландия құрамалары қатысқалы отыр.

Жеребе қорытындысы:

А тобы: Ресей, Сауд Арабиясы, Египет, Уругвай; В тобы: Португалия, Испания, Марокко, Иран; C тобы: Франция, Австралия, Перу, Дания; D тобы: Аргентина, Исландия, Хорватия, Нигерия; E тобы: Бразилия, Швейцария, Коста-Рика, Сербия; F тобы: Германия, Мексика, Швеция, Оңтүстік Корея; G тобы: Бельгия, Панама, Тунис, Англия; H тобы: Польша, Сенегал, Колумбия, Жапония.

Біріншіліктің іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсылас атанған Дания мен Польша С және Н топтарында ойнайды.

Біріншілік келесі жылдың 14 маусымында Мәскеудегі «Лужники» стадионында Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы кездесумен басталады. Топтық кезең 28 маусымда аяқталса, финал 15 шілдеде «Лужникиде» өтеді.