Батпақты, сулы жерлерді мекендейтін алуан түрлі құстар мен сайын даланың сәні киіктерді қорғау, тұмса табиғатты сақтау мақсатында 2007 жылдың басында құрылған «Ырғыз-Торғай» мемлекеттік табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі жақында үш қабатты жаңа ғимаратқа қоныстанды. Бұл резерват жер көлемі жағынан республикада ең ауқымды ерекше қорғалатын табиғи аумақ.Сондықтан оған мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Жаңа ғимарат осы заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Нысан құрылысын «КазПромСтройГрупп» ЖШС салды. Құрылысқа мемлекеттен 327100 мың теңге бөлініпті. Еңселі де жайлы ғимарат ауласында 14 автокөлік сиятын гаражы, шеберхана және инспекторлар демалатын бөлме бар.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
Ақтөбе облысы.