• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2017

Жамбылда «Туған жерге туыңды тік!» акциясы бастау алды

2251 рет
көрсетілді

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дар­ламалық мақаласы бүгінде халықтан кең қолдау тауып, аудан орталықтары мен ауылды жерлерде игі шаралардың өтуіне сеп болып отыр. Мақалада негізгі алты бағыт қамтылып, туған жердің тарихын білуге, туған жерге ту тігуге үндейтін кесек ойлар айтылған. Жалпы, болашаққа бағдар беретін әрі рухани жаңғыруға үндейтін бағдарламалық мақаланың маңызы күн санап артып, жалпы ел үшін, жер үшін негізгі темірқазыққа айналды.

Мемлекет басшысының «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында Әулиеата өңірінде «Туған жерге туыңды тік!» акциясы бастау алды. Тараз қалалық мәдениет үйінде мақала аясында «Менің қалам!» атты патриоттық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға шаһар басшысы Рүстем Дәулет қатысып, Елбасы мақаласының құндылығына тоқталды.

Сондай-ақ шара барысында LED экран арқылы Елен Әлімжан, Мейрамбек Төлепберген, Дария Қожамжарова, Қаржаубай Бек­болатов, Эльмира Мырза-Ғали және Парида Мамедова сияқты өңірі­мізге белгілі азаматтар Мемле­кет басшысының аталған мақаласы төңірегінде ой қозғап, өздерінің пікірлерін білдірді. Сонымен қатар «Туған жерге туыңды тік!» ак­ция­­­сы аясын­да көне Тараз бо­йын­ша атқа­ры­лып жатқан жұмыс­тарға тоқ­тал­ған қалалық мәсли­хат­тың хат­шысы Батырбек Құле­кеев, Руслан Кан, Нариман Мәу­ленов, Талғат Мананов, Айдар Ду­занов, Шам­былхан Үсенбаев және Жұма­бек Бөлекбаев сияқты қала­лық мәс­лихаттың алты депута­ты өз қара­жаты есебінен 15 миллион тең­геге қалаға қажетті нысандар құрылысын жүргізуге атсалы­сатынын жеткізді. Сондай-ақ «Қазфосфат» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің бас дирек­торы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұ­қаш Ескендіров спорт алаң­ша­ларын салып беруге дайын екенін айтса, «Бином» жауап­кер­шілігі шектеулі серіктес­тігі­нің атқарушы директоры Қуат Бақ­қараев шын мәнінде мұқтаж аза­матқа бір пәтер алып беретінін білдірді.

Білімді жастарды қолдау мақ­сатын­дағы ойлар да акция барысында сөз болды. Сонымен қатар саламатты өмір салтын қалыптастыру, ол үшін жастардың уақытын тиімді пайдалану керектігі де айтылды. Бұл орайда Тараз ин­новациялық-гуманитарлық уни­верситетінің ректоры Ерболат Саурықов 5 миллион теңгеге 5 студентті шәкіртақы­мен қам­тамасыз ететінін айтты. Сонымен қатар университет тарапынан «Тараз» футбол клубының қосалқы 8 ойыншысына 8 миллион теңге шәкіртақы тағайындалатын болады.

Әулиеатаның әнсүйер қауымы да бұл күні жас өнерпаздардың орын­дауын­дағы «Таразым менің», «Қазағымсың», «Қазағым-ай», «Туған жер» әндерін тыңдап, жас­тар­дың да пат­риоттық сезім­деріне куә болды. Сон­дай-ақ осы күні Елбасы мақа­ласына байланысты Тараз төрі­нен басталған «Туған жерге туың­ды тік!» акция­сы «Ауылым – алтын бесігім!» деген атпен Жамбыл облысының ба­рлық аудандарында жалғасын тапты.

Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласынан туындайтын барлық міндеттерге Байзақ ауданы да барынша атсалы­суға дайын. Осы топырақтан шы­ғып, бүгінде әр­түр­лі салада еңбек етіп жүрген азамат­тар­­дың да рухани жаңғыру бойынша ай­тары бар. Сонымен қатар шара аясын­да ауыл­шаруа­шылық өнімдерінің жәр­­мең­­кесі, кітап көрмесі, бейнелеу өнері туын­дыларының көрмесі ұйым­дастырылды. Әуелі көпшілік аудан туралы түсірілген арнайы фильмді тамашалап болған соң аудан әкімі Рахматілда Рахманбердиев туған жер туралы, ұлт үшін туған жердің қадірі туралы сөз сөйледі.

Бұдан кейін форумға арнайы келген атақты спортшы, грек-рим күре­сінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсы­лық Үшкемпіров өзінің туған жері Байзақ ауданы, Тегістік ауылы жайлы тебірене сөйледі. Сондай-ақ ол Дихан ауылына спорт кешенін салып беруге уәде берді. Ал облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов Елба­сы мақаласынан туындай­тын форумның маңыздылығына тоқтала келе, туған жерге қолдау көрсеткен барлық азаматтарға алғыс айтты.

Бұдан кейін «Туған жерге туың­ды тік!» акциясы Талас ауданын­да жалғасты. Оған жергілікті шаруа қожа­лықтарының төрағалары, кә­сіп­керлер, жергілікті қаламгер­лер, аудан­дық мәслихаттың депутаттары мен осы өңірден шыққан бас­­қар­ма басшылары қатысты. Жиын­­ды ашқан аудан әкімі­нің орынбасары Кәдірбек Садубаев ел тәуелсіздігін тұғырлы ету мақ­сатында рухани жаңғырудың аса маңызды екенін атап өтті. Өз кезегін­де сөз алған «Алашбай-Тәжі­бай» шаруа қожалығының төраға­сы Марат Алашбай туған жерін­де еңбек етіп, демеушілік жасап жүргенін әңгімеледі. Ал аудандық мүгедектер қоғамының төрайы­мы Е.Цой әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына үнемі көмек қолын созып келе жатқанын жеткізсе, Есейхан ауылынан шығып, бүгінде «Тараз Құрылыс Дизайн» жауапкершілігі шектеулі серік­тес­тігінің басшысы болып отырған Нұрғазы Бекбергенов өткен жылы өз қаражатына мешіт салғанын, енді биыл спорт алаңын салуға ниетті екенін айтты. Ал кәсіпкер Талғат Дуанбек жыл сайын 16 отбасын жұмыспен қамтып, туған жерді түлетуге атсалысып жүрген азамат.

Аталған акция Сарысу ауда­нында да жалғасын тапты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Динара Асанова сөз сөйлеп ашып, форум жұмысына сәттілік тіледі. Аудан­дағы ірі кәсіпорын болып саналатын «Қаратау» кен өңдеу кешенінің еңбеккерлері де рухани жаңғыру іс-шараларына айтарлықтай үлес қосып келеді. Кәсіпорын басшысы Мұратқали Сәрсенов туған жерді түлету үшін ұжымның ешқашан аянып қалмайтынын айтты. Ал Сарысу ауданын көркейтуде айтарлықтай жұ­мыс жасап отырған Айтуған Рыс­панов, Дәулеталды Жанбаев, Мұрат Төлеп­беков және өзге де кәсіпкер азамат­тардың есімдері құрметпен аталды.

Әулиеата өңіріндегі іргелі аудан­дардың бірі Қордай ауданы. Ха­лық­аралық Алматы-Ташкент күре­жолы­ның бойында орналасқан аудан барлық салада да серпінді­лік танытып келеді. «Ауылым – алтын бесігім!» акциясы аясында сөз алған аудан әкімі Болатбек Байтөле пат­риотизмнің туған жеріңе, өс­кен ауылыңа құрмет екенін айтып өтті. Мәселен, бүгінде Шым­кент қаласында кәсіппен айналысып жүрген Қайрат Молдасейітов туған ауылы Қаракемерден мешіт, бала­бақша, спорт кешенін салып бер­ген азамат. Ал Бетқайнар ауыл­дық округіндегі «Алмаз» шаруа қожа­лы­ғының басшысы Жұмабек Есжи­ғанов ауыл сыртындағы сазды көл­шікті тазартып, айналасын құ­р­ға­тып көз­тар­тарлық демалыс ор­нын ашты. Сол сияқты Асқар Жұма­баев орта­лық саябаққа спорт­тық тренажерлер орнатса, Сәрсебек Салыбаев жағдайы төмен төрт отбасына тұрғын үй салып берген. Мұндай жұмыстар Қордай ауданында көптеп саналады.

 Мойынқұм ауданында өт­кен «Туған жерге туыңды тік!» ак­­ция­­­сын аудан әкімі Бақытжан Нүркенов ашып, барша азаматтарды құттықтады. Мұнда да туған жерге ту тігу бойынша атқарылып отырған жұмыстар баршылық. Мәселен, «Ерен еңбегі үшін» медалі­нің иегері, кәсіпкер Орақ Піралиев Ақбақай орта мектебінің жылу орындарын жаңалап, мектептегі 400 шаршы метр кітапхананың іші-сыртын және мектеп қоршауын заман талабына сай етіп өз қаражаты есебінен жөндеп берген азамат. Сондай-ақ ол былтыр желдің қатты соғуынан зардап шеккен Шығанақ орта мектебінің шатырын 5 миллион теңгеге жөндеп, осыдан 7-8 жыл бұрын 24 миллион қаражатқа 230 адамдық асханасы бар мешіт салып берген. Белгілі кәсіпкер жинал­ған көпшілікті туған жерді ардақтау­ға, құрметтеуге шақырды. Ал өз сөзінде ауданның құрметті азаматы Нұркүл Оспанбекова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаевтар жиынға келген жерлестеріне алғысын білдірді.

Осындай айтулы шара Меркі, Шу, Жуалы, Т.Рысқұлов және Жамбыл аудандарында да жалғасты. Меркі ауданына арнайы келген белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов туған жері туралы тебірене сөз сөйледі. «Меркінің таза суының, ауасының өзіндік қасиеті бар» деп көпшілікті тебіренткен Мұрат Мұхтарұлы барша меркіліктерді туған жердің түлеуіне атсалысуға шақырды. Одан кейін облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов, журналист-баспагер Қалдыгүл Әкімжанқызы және «Сыпатай батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қанат Шайхиев сөз сөйледі. Өз сөзінде Қанат Шайхиев Сыпатай батыр ауылындағы спорт кешені болуға лайықты үлкен асхананы ауыл және аудан тұрғындарына тегін беретінін мәлімдеді. Ал Шу ауданында «Туған жерге туыңды тік!» жобасы аясында «Жан жылуы» атты қайырымдылық жобасы ұйымдастырылып, оған 1 мил­лион 920 мың теңге қаражат жұм­салған. Нәтижесінде, 384 адамға қайы­рымдылық көмек көрсетілген. Мұнда да Алматы қаласындағы «Шебер билд» компаниясының директоры Болат Сауранбаев, «Компания Марк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Никон Ким және өзге де азаматтардың қатысуымен бірқатар құрылыс нысандары салынып, ел игілігіне берілген.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақа­ласын іске асыру бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, осы ауданның тумасы, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектептің спорт залына қажетті заттарды сыйға тартса, еліміздің тұңғыш Еңбек Ері Аягүл Миразова өзі білім алған Қ.Қошманбетов атындағы орта мектептің математика кабинетін жаб­дықтап берген. Ал Алматы қала­сының прокуроры, әділет генерал-майоры Ғабит Миразов мектепке субұрқақ кіргізіп, мектеп жанынан футбол және волейбол алаңдарынан тұратын ашық аспан астындағы спорт кешенін салып беріп отыр.

Рухани жаңғыру аясында бас­тау алған айтулы шара Т.Рысқұлов ауданында жалғасты. Акция барысында туған жердің қасиетін өлеңге арқау еткен белгілі ақын Қуандық Шолақ, кәсіпкер Қоныс Сағынбеков пен қажы Әпжапар Акимов туған жерге деген толға­ныс­тарын жет­кізді. Сондай-ақ Мэлс Өзбеков атын­дағы аудандық мәдениет үйі өнер­паз­дарының концерті де көпшілік көңілі­нен шықты. Ал Жамбыл ауданында да «Туған жерге туыңды тік!» акциясы өз дең­гейінде өтті. Аудан әкімі Бақыт Қазанбасов іскерлігімен ел ықыласына бөленген «Амангелді» және «Қызыл-Дихан» өндірістік коо­пе­ра­тивтерінің төрағалары Қа­сым­хан Қанаев пен Нуритдин Бег­мановқа және Қазақстан Рес­пуб­­ли­касы оқу ісінің үздігі Райкүл Ома­роваға құрмет көрсетіп, аудан әкі­мі­нің Алғыс хатымен марапаттады.

 

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы