• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инфрақұрылым 09 Қараша, 2011

Автобустар жолға шықты

362 рет
көрсетілді

Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбеков жақында Ресей елінен сатылып алынған 12 жаңа авто­бус­тың қала ішілік бағытқа шығуына арналған тұсаукесеріне қатысты. «ПАЗ» кәсіп­орыны жасап шығар­ған бұл автобустар шағын қала­лардағы көше қозғалысына өте қолайлы болып табылады. Қалалық тасымалдаушы кәсіп­орындардың берген мәліметтері бойынша үстіміздегі жылдың ая­ғына дейін Ресей және Қытай елдерінен 75 жаңа автобус сатып алу жоспар­ланып отыр. Сонымен қатар, қала жолаушыларына алдағы уа­қыт­та жа­ңадан 12 троллейбус қыз­мет көрсе­тетін болады. Бұл үшін қалалық бюд­жеттен тиісті қаржы да бөлінді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.

Соңғы жаңалықтар