• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Желтоқсан, 2017

Ақтөбеде «Туған жерім – нұрлы елім» акцияның қорытындысы шығарылды

1315 рет
көрсетілді

Ақтөбе аймағында рухани жаңғыру бағдарламасының аясында «Туған жерім – нұрлы елім» атты акция мәреге жетіп, жыл бойы облыс орталығында өткізілген аудан күндерінің қорытындылары шығарылды. Осы арқылы ел ішінің жетістіктерін облыс орталығы тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсыну мүмкіндіктері жасалды.

Тұтас бір жылға жуық уақытқа созылған айшықты акция кезінде қайырымдылық шаралары қоса атқарылды. Бұл күндер ауыл мен қала тұрғындарының арасын, әрі олардың өзара бай­ланыс­тары мен қарым-қатынас­тарын одан әрі жақындастыра түсуімен де ерекшелене алады.

«Ел іші – өнер кеніші» демей ме, осы қанатты сөздердің шындықпен астасып жатқаны ел ішіндегі дарындардың өңір орталығында әуелете салған әндері мен күмбірлете тартқан күйлері және мың бұралған билері арқылы келісті көрінісін тапты. Несін айтасыз, көрген де арманда, көрмеген де арманда деген кемел кезең болды мұның өзі. Мүмкіндіктер мен жетістіктер сараланған сәтте Қобда ауданының мерейі үстем түсті. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Туған жерім – нұрлы елім» акциясының қорытындысына сәйкес оларға бас жүлдені және 10 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.

 

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ