• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 16:42

Мемлекет басшысы Грузия Президентімен кездесу өткізді

30 рет
көрсетілді

Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммит аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тараптар қазақ-грузин қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын қарастырды.

Мемлекет басшысы Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтіп, өзара ықпалдастыққа тың серпін беруге дайын екенін растады.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

Президенттер ынтымақтастықтың қарқын алғанына мән беріп, сауда-экономикалық байланыстарды арттыру қажеттігін айтты.

Кездесуде бірлескен инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, іскер ортаның аясын кеңейту, сондай-ақ екі елдің көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері пысықталды.

Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Михаил Кавелашвили жаһандық және өңірлік күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар