• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Желтоқсан, 2017

Шыршаға емес, шаруашылыққа жұмсалады

262 рет
көрсетілді

Соңғы бес жылда об­лыс орталығында жаңа­жыл­дық шыршаны орнатып, безендіруге 100 миллионға жуық теңге бағытталып, құмға сіңген су сияқты із-түз­сіз кетіпті. Ал аудан­дар мен елді мекен­дер­де жұмсалған шығын­дар­ды есептейтін болсақ, қайтарымы жоқ қаражат­тың еселене түсері анық.

Облыстық әкімдіктің кезекті отырысында аймақ басшысы Құмар Ақсақалов бюджет қара­жатын шүлен таратқандай оңды-солды шашу «тәжірибесін» тоқ­татуды кесіп айтты. Жылда шыр­шалар мен шамдарды жа­ңалағанша бұрынғыларын не­ге пайдаланбасқа?

Мұз қала­шық­тарын салуға қалталы азаматтарды, кәсіпкерлерді тартуға болады дей келіп Құмар Іргебайұлы жергілікті қазына қаржысы бі­рінші кезекті қалалар мен ауылдарды абаттандыруға, жолдарды жөндеп, қалпына кел­тіруге, ауыз су жеткізуге, бір сөз­бен айт­қан­да,­ тұрғындардың мұқ­таж­да­рына, әлеуметтік мәсе­лелерге бағыт­та­ла­тынын жеткізді.

Петропавл қаласында жаңа­жыл­­дық шырша мен көшелерді әшекейлеу үшін 2015 жылы 24 миллион теңге бөлініп, рекорд­тық көрсеткішті құрағаны бел­гілі.

 

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы